Шикі газды ұтымды пайдалану
ҚМГ мен оның еншілес кәсіпорындарының басымдықтарының бірі – атмосфераға зиянды заттар мен парниктік газдар шығарындыларын бақылау, сондай-ақ алауларда газ жағуды азайту болып табылады. Экологиялық саясатқа сәйкес Компания алауларда газ жағудың нөлдік деңгейіне жетуге және олардан шығарындыларды азайтуға тырысады. Біз алдымызға шикі газды пайдалану мен кәдеге жаратуды арттыру, сондай-ақ алаулатып жағуды азайту міндетін қойып отырмыз.
Мұнай газын әзірлеу және өңдеу бағдарламасының арқасында Компания жылу мен электр энергиясын өндіру үшін газ пайдалануды арттырды, осылайша мұнай газын жағу нәтижесінде пайда болатын зиянды заттар мен парниктік газдар шығарындыларын азайтты.
2023 жылы шикі газды кәдеге жарату 98,9 %-ды құрады. Шикі газды алаулатып жағу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 89,4 %-ға қысқарды.
Газды жағу көрсеткіші өндірілген КСШ-ның 1 мың тоннасына 1,4 тонна деңгейінде (2021 жылы — 2,1, 2022 жылы – 1,5), бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 7 %-ға төмен және IOGP орташа салалық көрсеткішінен 84 %-ға төмен.
2015 жылы ҚМГ Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын тұрақты жағуды толық кәдеге жарату» бастамасын қолдады. Компания шикі газды жағу көлемін барынша азайтуға тырысады. Осы бастама шеңберінде шикі газды жағу көлемі бойынша есептілік жыл сайынғы негізде Дүниежүзілік банктің ҚР-дағы өкілдігіне тапсырылады.
Шикі газды алаулатып жағу көлемі
Көрсеткіш |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
Шикі газды алаулатып жағудың жалпы көлемі, млн м3 |
80,2 |
57,6 |
52,5 |
35,7 |
33,35 |
Шикі газды тиімді пайдалану деңгейі, % |
97 |
98 |
98 |
98,8 |
98,9 |
Шикі газды жағу қарқындылығы, өндірілген 1 мың КСШ-ға тоннаға шаққанда |
2,95 |
2,2 |
2,1 |
1,5 |
1,4 |
- ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
- Біздің басқару тәсіліміз
- Cу ресурстарын басқару бағдарламасы
- Қоршаған ортаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Шикі газды ұтымды пайдалану
- Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
- Жұмыс алаңдарын жабу және қалпына келтіру
- Теңіз ұңғымаларын басқару
- Мұнай төгілуінің алдын алу және жою
- Биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау
- Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту
- Жоспарланған шаруашылық қызметті экологиялық бағалау
- Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл
- ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы