Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл
Біз мүдделі тараптармен белсенді диалог қағидатын іске асыра отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге тырысамыз. Жыл сайын біз Компания жұмысының барлық маңызды аспектілері туралы ақпаратты ашамыз. Бұл біздің қызметіміздің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.
ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, Қазақстан ішінде де, шетелде де мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға дейін толық өндірістік циклді жүзеге асырады және мұнай-газ секторындағы мемлекеттің мүддесін білдіреді. Қызметтің құрылымы мен түрлерінің күрделілігіне байланысты ҚМГ мүдделі тараптардың кең ауқымымен өзара іс-қимыл жасайды.
ҚМГ мүдделі тараптармен диалогты және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою және қарым-қатынасты басқару бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдайды.
ҚМГ-да Мүдделі тараптардың картасы бекітілді, ол тәуелділік (тікелей немесе жанама), міндеттемелер, жағдай (жоғары тәуекел аймақтарына ерекше назар аудара отырып), әсер, әртүрлі перспективалар ескеріле отырып, тәуекелдер мен ранжирлеу есепке алына отырып жасалды. Қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарлары жасалады.
ҚМГ мүдделі тараптарды айқындау және олармен өзара іс-қимыл кезінде AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, стейкхолдерлермен өзара іс-қимылдың ең үздік практикасын қолданады.
мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу әдістері
Мүдделі тараптардың негізгі топтары |
Өзара әрекеттесу кезіндегі ақпараттық қажеттіліктер |
Ақпаратты ашу әдістері және байланыс арналары |
||
Акционерлер |
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерін қозғайтын Компания қызметі, корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат |
|
|
|
Инвестициялық қоғамдастық |
Компанияның қызметі, инвесторлардың және жалпы инвестициялық қоғамдастықтың мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат Қызығушылық салынған инвестициялардың рентабельділігін, ҚМГ-ға инвестициялау үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуден көрініс табады |
|
|
|
Қауымдастықтар, жергілікті қоғамдастықтар, қоғамдық ұйымдар |
ҚР заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес құпия болып табылатындарынан басқа кез келген ақпарат Халықты жұмыспен қамту, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық қауіпсіздік және табиғат қорғау қызметі мәселелеріне қатысты ақпарат Қызығушылық қоғамды Компанияның қызметі туралы ақпараттандыруға және ҚМГ ақпараттық ашықтық деңгейін арттыруға, сондай-ақ жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, Компания қызметінің ашықтығына, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға деген ұмтылысынан көрініс табады |
|
|
|
Бұқаралық ақпарат құралдары |
ҚР заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес құпияға жатқызылатындарынан басқа кез келген ақпарат Қызығушылық қоғамды Компанияның қызметі туралы ақпараттандыруға деген ұмтылысынан көрініс табады |
|
|
|
Үкімет, жергілікті мемлекеттік органдар |
Мемлекеттің, халықтың мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және салалық сипаттағы ақпарат Қызығушылық ҚМГ қызметіне, заңнама талаптарына, салық түсімдеріне, экономикалық өсуге және әлеуметтік міндеттерді шешуге сәйкес келеді |
|
|
|
ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдары |
Компанияның қызметі, оның стратегиялық даму жоспарлары, корпоративтік басқарудың енгізілетін тетіктері, өзара іс-қимыл әдістері, ЕТҰ мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат Қызығушылық орнықты дамуды, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуді, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша көмек көрсетуден көрініс табады. |
|
|
|
Клиенттер, өнім берушілер, серіктестер, басқа ұйымдар |
Өзара тиімді ынтымақтастық шарттарына әсер етуі мүмкін басшылық шешімдері, серіктестердің, жеткізушілердің, клиенттердің мүдделеріне әсер ететін корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат Қызығушылық – ынтымақтастық тараптарының құқықтарын сақтау, олардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуді білдіреді |
|
|
|
Кәсіподақтар, ҚМГ қызметкерлері |
Компанияның даму жоспарлары, еңбек жағдайлары, мансаптық өсу, әлеуметтік-еңбек құқықтарының сақталуы, ҚМГ қызметкерлерінің мүдделерін қозғайтын корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат Қызығушылық үйлесімді және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуден, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес құқықтар мен міндеттерді сақтаудан көрініс табады |
|
|