Персоналды дамыту
Жыл сайынғы негізде ҚМГ қызметкерлерді оқытуды және дамытуды қамтамасыз етеді, ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерін дамытудың жаңа тәсілдері мен бағдарламаларын қалыптастырады.
ҚМГ тобында бекітілген Кадр саясатына сәйкес персоналды оқыту мен дамытудың бірыңғай процесі енгізілді. Басшы қызметкерлерді, әкімшілік-басқарушылық және инженерлік-техникалық персоналды оқытуға қажеттіліктер персоналдың тиімділігін тұрақты кешенді бағалау нәтижелері бойынша жасалған Жеке даму жоспарларына және құрылымдық бөлімшенің мақсаттарына сүйене отырып, қызметкерлердің тікелей басшылары мәлімдеген қажеттіліктер негізінде қалыптастырылады.
Өндірістік персоналды оқыту кәсіптік білімді, дағдыларды және бизнестің қажеттіліктерін бағалау негізінде қалыптасады. Осылайша, қызметкерлерді оқытуды жоспарлау нақты регламенттелген және бизнестің нақты мақсаттары мен міндеттерімен өзара байланысты.
Қызметкерлерді міндетті бағдарламалар – өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт-техникалық минимум бойынша оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта ҚМГ қызметкерлері үшін бұл бағдарламалар ҚМГ еншілес компаниясы – «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС қашықтықтан оқыту жүйесі платформасында жүргізіледі. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Құзыреттерді дамыту орталығының осы оқытуды жүргізуге және белгіленген үлгідегі сертификаттар беруге лицензиялық рұқсаты бар. Біздің Компанияның қызметкерлерін ішкі ресурста оқыту бағдарламаларды компанияның ішкі сұраныстарына сәйкес бейімдеуге және оқыту ресурстарына үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бір қызметкерге орташа жылдық академиялық сағат саны 18 сағатты (22 сағат – 2022, 16,7 сағат – 2021), оның ішінде бір ер адамға – 16 сағатты (20 сағат – 2022, 16,4 сағат – 2021), бір әйелге – 31 сағатты (31 сағат – 2022, 18,6 сағат – 2021) құрайды.
Сонымен қатар қызметкерлерді оқыту мен дамыту олардың жынысы мен атқаратын қызметіне қарамастан жүзеге асырылады.
САНАТТАРЫ БОЙЫНША БІР ЖҰМЫСКЕРГЕ ОРТАША
ЖЫЛДЫҚ САҒАТТАР САНЫ(сағат)

ЖЫЛДАР БОЙЫНША САЛЫСТЫРҒАНДА САНАТТАР
БОЙЫНША ОРТАША ЖЫЛДЫҚ САҒАТТАР САНЫ(сағат)

Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі іске асырылатын бағдарламалардың негізгі тақырыптары

Сондай-ақ өндірістегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ROSPA (Ұлыбритания) халықаралық стандартына сәйкес «Қорғаныштық жүргізу» бағдарламасы бойынша ҚМГ компаниялар тобының жүргізушілерін оқыту іске қосылды. 2023 жылы жұмыскерлерді жеткізуді/тасымалдауды және қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын 691-ден астам адам (350 адам – 2022ж.) оқытылды, «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС – 420 адам, «KMG – Security» ЖШС – 271 адам. Сондай-ақ алдағы жылдары ҚМГ компаниялар тобының барлық санаттарының жүргізушілері үшін «Қорғаныштық жүргізу» бағдарламасы іске асырыла бермек. 2023 жылы ҚМГ ұстанатын Vision Zero (Нөлдік жарақаттану) жаһандық тұжырымдамасы негізінде еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мен қолдауға бағытталған «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» курсы бойынша оқыту іске қосылды, оған ҚМГ-ның 16 000-нан астам қызметкері қатысты.
Мәселен, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері үшін «ISO 9001, ISO 14001 және ISO 145001 және OHSAS бойынша интеграцияланған менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы» тақырыбында оқытылды, онда КО – 12 адам, ЕТҰ – 219 адам оқыды.
Сондай-ақ тәуекелдерді бағалау дағдыларына оқыту жүргізілді, оған КО – 51, ЕТҰ – 1108 адам қатысты (ӨМГ – 2, КТМ – 1, УО – 1, ҚТКФ – 4, ҚМГАэро – 1, ҚМГИ – 3, KMG D&S – 3, KMG PetroChem –1, KMG International – 49, ҚМГ S&S – 1, ПМХЗ – 1040, АМӨЗ – 2).
Компания |
Саны |
Тақырыбы |
---|---|---|
ӨМГ |
2 |
ҚР СТ ISO 19011-2019 талаптарына сәйкес менеджмент жүйесінің ішкі аудиті. Өлшеу құралдарын тексеру (калибрлеу) және өнімді сынау кезінде өлшеу нәтижелерінің белгісіздігін бағалау |
ЕМГ |
16 |
ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 бойынша интеграцияланған менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы |
КМТФ |
31 |
Интеграцияланған басқару жүйелері, ISO және OHSAS стандарттары |
ҚазГӨЗ |
10 |
ҚР СТ ИСО 9001-2016; ҚР СТ ИСО 14001-2016; ҚР СТ ИСО 50001-2019; ҚР СТ ИСО 45001:2019. Менеджменттің интеграцияланған жүйесінің ішкі аудиті бойынша мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру |
ҚМГИ |
73 |
ISO 9001: 2015 «МЕМСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. |
МТК |
23 |
ҚР СТ ISO 9001-2016 (ISO 9001:2015), ҚР СТ ISO 14001-2016 (ISO 14001:2015), ҚР СТ ISO 45001-2019 (ISO 45001:2018) менеджмент жүйелері бойынша оқыту |
МЭМ |
22 |
API Q2 ерекшелігінің талаптары |
KMG D&S |
7 |
API Q2 талаптарына сәйкес ішкі аудитор |
ПМХЗ |
31 |
«МЕМСТ (ISO/IEC 17025-2019) бойынша сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» |
ҚМГ Секьюрити |
4 |
ISO 45001: 2018 бойынша денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің менеджері / ішкі аудиторы, |
|
219 |
|
ҚМГ халықаралық стандарттар бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді. 2023 жылы қызметкерлердің DipIFR, АССА, IPMA, CIMA, PMP, СFA, CIA және т.б. сертификаттау бағдарламалары бойынша халықаралық біліктіліктер мен сертификаттар алуы үшін ҚМГ КО-ның 61 қызметкері мен ЕТҰ-ның 171 қызметкері оқытылды.
Сондай-ақ 2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен PR School, HR School бағыттары бойынша және IR бөлігі бойынша модульдік оқыту іске асырылды, оған ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері қатысты:
тиімділігін арттыру |
HR School |
IR |
PR School |
---|---|---|---|
ҚМГ КО |
0 |
0 |
4 |
ӨМГ |
0 |
0 |
1 |
ЕМГ |
42 |
10 |
1 |
ҚТМ |
5 |
0 |
0 |
КМТФ |
1 |
0 |
0 |
МТК |
1 |
0 |
0 |
МЭМ |
19 |
0 |
0 |
ПМХЗ |
0 |
0 |
1 |
Барлығы: |
68 |
10 |
7 |
IPMA жобаларын басқарудың халықаралық стандарты бойынша стратегиялық маңызды жобаларды іске асырумен айналысатын ҚМГ және ЕТҰ негізгі қызметкерлеріне жыл сайын сертификаттау жүргізіледі. 2023 жылы КО-ның 106 қызметкері және ЕТҰ-ның 163 қызметкері сертификаттаудан және емтиханнан өтті.
Бүгінгі таңда ҚМГ-ның негізгі стратегиялық мақсаттарының бірі шығарындыларды азайту және энергия үнемдеу болып табылады, осы мақсатты табысты іске асыру мақсатында біздің қызметкерлер осы тақырып бойынша белсенді оқытудан өтуде.

ҚАЗМҰНАЙГАЗ ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕР ПУЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
2023 жылдың қыркүйегінде ҚМГ инвестициялар портфелін басқару және стратегия департаментінің ұйымдастыруымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында Жобаларды басқару бойынша алғашқы екі күндік конференция өткізілді.
2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесін жоспарлы түрде енгізіп келеді. ҚМГ тобында жобалық басқарудың жетілу деңгейін арттыру мақсаты қойылды. Оған қол жеткізу үшін әдіснама әзірленді, жобаларды басқару құралдары енгізілді, жобалық персоналды орталықтандырылған оқыту және негізгі жобаларды сүйемелдеу жүргізілуде.
Конференцияда ірі күрделі жобаларды жоспарлау және іске асыру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Форумның күн тәртібіне жобаларды жобалаудың, салудың және үйлестірудің негізгі аспектілерін қарастыру, алынған сабақтарды талдау және жобаларды басқарудың үздік тәжірибелерін ұсыну кірді. Спикерлер ретінде ҚМГ мен еншілес компаниялардың жоба жетекшілері де, жобалық басқару саласындағы танымал сарапшылар да сөз сөйледі.
Жалпы, жыл сайын өтетін конференция «ҚазМұнайГаз» тобының қызметкерлері арасында жобалық басқаруды ілгерілету және жобалық менеджерлер пулын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың тұтас кешенін бастады.
2023 жылы «Мұнай-газ секторындағы метан шығарындылары», «Энергия үнемдеу, ЖЭК және төмен көміртекті даму» тақырыптары бойынша КО-ның 75 қызметкері, ЕТҰ‑ның 5 қызметкері оқытылды.
Орнықты даму мәселелері, соның ішінде энергияға ауысу, парниктік газдар шығарындылары, күкіртсіздендіру және басқа аспектілер де Компания үшін және оның стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін маңызды және өзекті болып табылады. Қызметкерлер жыл сайын әлемдік стандарттар мен трендтерге сәйкес осы бағытта өз білімдері мен дағдыларын жетілдіреді.
2023 жылы «Жобаларды тұрақты басқару» (Green Project Management) бағдарламасы бойынша қызметкерлерді оқыту іске асырылды, оның шеңберінде корпоративтік орталық пен еншілес компаниялардың мамандары мен басшыларын қатыстыра отырып, жобаларда және «Энергокөшу» бағдарламасы бойынша орнықты даму тұжырымдамасын қолданудың үздік тәжірибелері зерделенді. Green project management бағдарламасы бойынша КО-ның 15 қызметкері және ЕТҰ-ның 5 қызметкері (ЕМГ – 3, ПМХЗ – 2) оқытылды.
Бұдан басқа, ҚМГ жобалық басқару мамандары және ҚМГ мен ЕТҰ жобалық персоналы үшін сыртқы провайдерлер MS Project Project Management қолдана отырып жобаларды жоспарлау бойынша курстар өткізді, оларға КО-ның 2 қызметкері, ЕТҰ-ның 34 қызметкері қатысты (Barlau – 2, PetroChem – 1, ЕМГ – 2, ҚТКФ – 2, KMGI – 27).
Екі күндік оқыту іс-шаралары, «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Өзенмұнайгаз», «ӨзенМұнайСервис», «Ойл Транспорт Корпорейшн», Caspi Bitum, «Қазақ газ өңдеу зауыты» және т.б. кәсіпорындардың басшылары мен кәсіподақ көшбасшылары үшін семинар-тренингтер өткізілді.
2023 жылы «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» /МВА бағдарламасы бойынша ҚМГ компаниялар тобы бойынша 49 қызметкер оқыды, оның ішінде: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 8, «Өзенмұнайгаз» АҚ – 15, «Ембімұнайгаз» АҚ-16, «Қазтұрікмунай» ЖШС – 3, ҚМГ Инжиниринг – 3 ЖШС, «Oil Service Company» – 1, «Oil Transport Corporation» ЖШС – 1, KMG International – 2.
2023 жылы конференциялар мен форумдарға төмендегі тақырыптар бойынша ҚМГ тобының 24 компаниясынан 660 қызметкер қатысты.
Ашықтық саясатын дамыту шеңберінде сатып алу қызметі мәселелеріне ерекше назар аударылады, осылайша сатып алу қызметі саласындағы мамандардың құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында Корпоративтік орталық пен ҚМГ тобының еншілес компанияларының сатып алу саласындағы мамандарына арналған «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асырудың және сатып алу қызметін басқарудың жаңа тәртібі және «2.0» ЭСАЖ іске қосылды. 2023 жылы бағдарламаға 362 адам қатысты, оның ішінде КО – 65 адам, ЕТҰ – 232 адам.
Кадрлар резерві
«МАНСАП» – ҚМГ компаниялары тобының негізгі позицияларына сабақтастық жоспарын қалыптастыру және дамыту жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.
2021–2023 жылдар кезеңінде «А» «Б» және «С» пулдары үшін Мирасқорларды дамыту бағдарламалары іске асырылды.
Сондай-ақ Тәлімгерлік бағдарламасы іске қосылды (іске асыру кезеңі 2023–2024жж.), оның шеңберінде «А» және «Б» пулдарының мұрагерлері «С» пулына тәлімгер болады. «С» пулына арналған Даму бағдарламасы іске асырылу сатысында (2023–2024 жылдар кезеңі).
2023 жылы ҚМГ және Abu Dhabi Ports Company Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, оның шеңберінде Каспий және Қара теңіздерде теңіз флоты мен жағалау инфрақұрылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, ADP ҚМГ-ның Маңғыстау және Түркістан өңірлерінен қазақстандық мамандарды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін қарастыру бастамасымен келісті.
Бұл жобаны іске асыру үшін «Samruk Business Academy» ЖМУ тартылды. SBA жобалық командасы Qsamruk рекрутингтік платформасында техникалық жұмыстарды іске асырды, коммуникациялық кампаниялар ұйымдастырды, іскерлік серіктестер (жұмыспен қамту орталықтары, визалық орталықтар, тіл орталықтары және т.б.) тартты.
Студенттермен және жас мамандармен жұмыс
ҚМГ компаниялар тобы студенттермен және жас мамандармен жұмыс істеуге көңіл бөледі. Саланың даму үрдісі мен заманауи технологиялық талаптар ескеріле отырып, өндірістік объектілеріміз бар өңірлердегі оқу орындарымен белсенді жұмыс жүргізіледі.
Жас маман – АМӨЗ және ПМХЗ-ға жас мамандарды тарту және дамыту бағдарламасы. 2022 жылдан 2023 жылға дейін АМӨЗ-де оқып, жұмыс істейтін 31 адам бар, оның ішінде 7 адам жұмысқа орналастырылды, ПМХЗ-ға 1 адам жұмысқа орналастырылды.
Дуальды оқыту – ҚМГ компаниялар тобына оқытуды, тағылымдамадан өтуді және одан әрі жұмысқа орналастыруды қамтитын бағдарлама.
Осылайша, компаниялар базасында дуальды оқыту бағдарламасы тұрақты негізде іске асырылуда, 2023 жылы оқытылғандар:
- «Қаражанбасмұнай» АҚ – 48 адам.
- «Ембімұнайгаз» АҚ – 64 адам.
- ҚМГ Интернешнл – 1 адам
- «KPI Inc.» ЖШС – 2 адам.
- «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС – 85 адам, 21 адам жұмысқа орналастырылды.
- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 52 адам, 12 адам жұмысқа орналастырылды.
- «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 19 адам.
АМӨЗ «Тағылымгер» бағдарламасы – бағдарлама үш мамандық бойынша басталды – технологиялық қондырғылардың операторы, технологиялық сорғылар мен компрессорлардың машинисі, БӨАжА аспапшысы.
Тағылымдамадан өтушілер оқып, АМӨЗ-де өндірістік тағылымдамадан өтеді. 2022–2023 жылдар аралығында осы бағдарлама бойынша 60 адам оқиды, оның ішінде АМӨЗ-ге 29 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылы мына кәсіпорындар студенттерді жоғары оқу орындарында оқытуды қаржыландырды:
- «Қаражанбасмұнай» АҚ – 435 студент
- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 532 студент
- «Өзенмұнайгаз» АҚ – 2 студент
- «Ембімұнайгаз» АҚ – 501 студент
- «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС – 36 студент
- «Құрманғазы Петролеум» ЖШС – 92 студент
- «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – 50 студент
- «Құрманғазы Петролеум» ЖШС – 50 студент
- «ОралОйлГаз» – 37
- «Өріктау оперейтинг» ЖШС – 4
- «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС – 14
- «Қазгермұнай» БК ЖШС – 84.
Сонымен қатар әлеуметтік, еңбек және экономикалық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Орнықты даму саласындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, атап айтқанда Маңғыстау облысындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігіне байланысты 2023 жылы ҚМГ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-мен бірлесіп Ш. Есенов атындағы Мемлекеттік Инженерлік-технологиялық университетінің базасында Маңғыстау облысының 194 жұмыссыз азаматы қатарынан жас мамандарды даярлау жөніндегі бірегей жобаны іске асырды.
Жұмыссыз азаматтарды одан әрі жұмысқа орналастыруға дайындау үшін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ базасында «Білім беру қарқындылығы» бағдарламасы дайындалды, бұл оларға жұмыс орнында жұмысқа орналасу және бейімделу үшін қажетті білім мен дағдыларды игеруге көмектесті. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша оқытылған жергілікті тұрғындар «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға жұмысқа орналастырылды, олардың көпшілігі үшін бұл бірінші жұмыс орны.
Бұдан басқа, ҚМГ компаниялар тобы бойынша тұрақты негізде Қазақстанның жоғары оқу орындарымен және ТжКБ-мен студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикасын ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізіледі.
2023 жылы 2 378 студент ҚМГ ЕТҰ-да өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтті.
