ОРНЫҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2023

Қызметкерлердің тең мүмкіндіктері мен уәждемесі

Қызметкерлерді ынталандырудағы біздің тәсіліміз еңбек ақы төлеудің лайықты деңгейін қамтамасыз ету, ашықтық және барлық қызметкерлердің құқықтарын сақтау қағидаттарында құрылады. Еңбекақы төлеу жүйесіне барлық өзгерістер мүдделі тараптардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып енгізіледі. 

ҚМГ компаниялар тобында гендерлік айырмашылықтарға қарай базалық жалақыда және сыйақы төлеу жүйесінде айырмашылықтар жоқ. ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарындағы жалақы деңгейі лауазымға байланысты, яғни бір лауазымда жұмыс істейтін ерлер мен әйелдер бірдей жалақы алады және ұйымдағы еңбекақы төлеу қағидаларында көзделген өзге де төлемдерді алады. 

Жоғары басқару органы мен басшы құрам үшін жалақыны есептеу жүйесі нәтижелілікке, уәждемеге, еңбек өнімділігін арттыруға және қызметтің тиімділігіне бағытталған және ҚНК-ге қол жеткізу қорытындылары бойынша қысқа мерзімді сыйақы элементтерін қамтиды. Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес басшы қызметкерлердің нәтижелілік көрсеткіштері Топтың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік міндеттерін көрсетеді. 

«Барлау және Өндіру» бизнес-бағытындағы компанияларда еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі (ЕАТБЖ) енгізілді, оның мақсаты барлық бөлімшелерде еңбекақы төлеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету және қызметкерлердің еңбек нәтижелеріне мүдделілігін күшейту болып табылады. Бұл жүйеде қызметкерлерге өтемақы төлемдері, үстеме ақылар мен қосымша ақылар берілетін бірқатар шарттар көзделген; мұндай өлшемдердің бірі өңірлік коэффициент болып табылады – жұмысты ауыр климаттық жағдайлары бар өңірлерде орындаумен байланысты қосымша шығыстар мен жоғары еңбек шығындарын өтеу мақсатында жалақының салыстырмалы түрде ұлғаю көрсеткіші. Бұл коэффициенттің ең жоғары мәні Маңғыстау және Атырау облыстарына тиесілі. 

Топтағы бастапқы деңгейдегі жалақының 2023 жылғы ұлттық заңнамада белгіленген ең төменгі жалақыға қатынасы 5,4:1 (2022 ж. – 5,8:1, 2021 ж. – 5:1, 2020 ж. – 6:1) шегінде болады. 

Қатысу аймақтағы7 жергілікті халық өкілдерінің қатарынан  жоғары дәрежелі басшылардың8 үлесі 83  %-ды құрайды.

Басшылық құрамына кіретін қызметкерлердің үлесі қызметкерлердің жалпы санының 10 %-ын құрайды. Оның ішінде әйелдер – 15 % (18 % – 2022 және 2021 жж.), ерлер – 85 % (82 % – 2022 және 2021 жж.).

7 Қатысу аймағы – операциялық қызметті жүргізу аймағы (облыс, аудан).

8 Жоғары дәрежелі басшылар – бірінші басшы және оның орынбасарлары.