ОРНЫҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2023

Компания туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – көмірсутектерді барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы.

ҚМГ «Ел экономикасының мұнай-газ секторында мемлекеттің мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 248 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 ақпандағы № 811 қаулысына сәйкес құрылды. ҚМГ «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы», «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының және «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамының құқықтық мирасқорына айналды. ҚР Үкіметі атынан ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚМГ құрылтайшысына айналды.

ҚМГ АКЦИОНЕРЛЕРІ

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» Республикалық мемлекеттік мекемесі
«ҚР Ұлттық Банкі» Республикалық мемлекеттік мекемесі
KASE және AIX биржаларында еркін айналымда

31.12.2023ж. жағдайы бойынша, ҚМГ компаниялар тобының құрамына дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ға тиесілі 108 компания кіреді, оның ішінде 56 компания ҚР аумағында орналасқан. Қалған активтер Румыния, Грузия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Болгария, Молдова, Ресей, Түркия, Ұлыбритания, Германия, БАӘ, Канада, Гибралтар, Британдық Виргин аралдары, Маршалл аралдары, Багамалар, Мэн аралдары сияқты елдерде орналасқан.

Орталық аппарат Астана қаласында орналасқан, сондай-ақ Ақтау қаласында ҚМГ өкілдігі бар.

Құн жасаудың өндірістік тізбегі

Топтағы заңды тұлғаларды қысқарту, оның ішінде ЕТҰ тарату/қайта ұйымдастыру есебінен қысқарту жекешелендіру бағдарламалары мен дивестициялар шеңберінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № 523 қаулысымен Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

ҚМГ жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған жаңартылған кешенді жоспары мыналарды қамтиды:

  • сатылатын 53 компания;
  • ҚМГ IPO периметріне енгізілген 94 компания;
  • Өткізу және қайта ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы белгілейтін ҚМГ тобы бойынша 7 компания.

2023 жылғы 1 қарашада ҚМГ Директорлар кеңесі 2023 жылдан 2025 жылға дейін ҚМГ стратегиялық емес активтерінің жаңартылған тізбесін (бұдан әрі – СеАТ тізбесін) бекітті, онда 9 компанияны шығару көзделген.

2023 жылға СеАТ тізбесі шеңберінде 3 компанияны шығару жоспарланды, оның екеуі тарату арқылы және бір компания қатысу үлесін сату арқылы.

2023 жылы ҚМГ активтерінің құрылымында мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:

  • 3 компания таратылды;
  • 2 компания құрылды;
  • 2 компания сатып алынды;
  • 2 компанияда қатысу үлесі сатылды.

Құн жасаудың өндірістік тізбегі

ҚМГ далалық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын тиеп жөнелтуді жүзеге асырады, сондай-ақ жылыту кезеңінде әлеуметтік-өндірістік объектілер мен мекемелерді мазутпен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ ҚМГ 2023 жылы «ҚМГ-Аэро» ЖШС еншілес компаниясы және биржалық сауда алаңдары арқылы Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК және ҚР Ұлттық ұланының авиациялық қызметтері үшін, ҚР жергілікті әуежайлары мен авиакомпаниялары үшін авиаотын сатуды жүзеге асырды.

Мұнай өнімдерінің қалған көлемі сырттан сатып алушыларға ҚР ішкі нарығына және экспортқа көтерме партиялармен сатылады.

2023 жылы мұнай өнімдерін экспорттық жеткізу құрылымында қара мұнай өнімдерін Еуропаға жөнелту басым болды. Параксилол, бензол, кокс, күкірт көлемі Еуропаға, Қытайға, Ресейге, Тәжікстанға, Түркияға жеткізілді.

ҚМГ ресурстарынан өндірілген өнімдерінің жеткізу үлесі мен бағыттары бойынша бөліністегі экспорты

р/с №

Мұнай өнімдері

12 ай 2023 жыл

Көлемі, т

Жеткізу бағыты

Үлес, %

1

Мазут

496 582

Еуропа

99 %

6 955

Өзбекстан

1 %

2

Вакуумдық газойль

80 704

Еуропа

100 %

3

Параксилол

7 579

Қытай

100 %

4

Бензол

11 621

Қытай

100 %

5

Жиынтық кокс

82 236

Қытай

84 %

7 821

Түркия

8 %

5 280

Ресей

5 %

2 836

Тәжікстан

3 %

6

Қыздырылған кокс

3 761

Ресей

72 %

 

1 499

Қытай

28 %

7

Күкірт

3 558

Еуропа

40 %

 

5 239

Түркия

60 %

 

Барлығы:

715 672

 

 

ҚМГ 2023 жылы Батыс Қазақстанда орналасқан еншілес мұнай өндіруші компаниялардың («Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС және «Өріктау Оперейтинг» ЖШС) 100 %-ы үш мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ, ПМХЗ және ПКОП) кейіннен өңдеу үшін мұнай сатып алуды жүзеге асырды.

Мұнай мен оны өңдеу бойынша қызметтерді сатып алудың жалпы құны 685 млрд теңгені құрады.

Мұнай кен орнын сынамалық пайдалану кезеңінің аяқталуына және жер қойнауын пайдалануға арналған жақсартылған модельдік келісімшартқа қол қоюға дайындалуына байланысты «Өріктау Оперейтинг» ЖШС 2023 жылдың екінші жартыжылдығында ПМХЗ‑ға мұнай жеткізуді тоқтатты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ ПМХЗ-да барлығы 28,3 мың тонна жоспар бойынша «Өріктау Оперейтинг» ЖШС-ның 16,4 мың тонна мұнайы өңделді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында ҚР Энергетика министрлігі бекітетін мұнай өнімдерін жеткізу жоспарларына сәйкес автобензин, авиаотын және битуммен биржалық сауда жүзеге асырылды. 2023 жылғы қарашадан бастап биржалық сауда-саттыққа мұнай өнімдерін жеткізу жоспарлары бойынша жалпы өткізудің 10 % көлемінде қосымша дизель отыны шығарыла бастады.

Кеден одағының 013/2011 «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентіне (бұдан әрі – КО ТР) сәйкес шығарылатын отынның сапасы К4 және К5 экологиялық кластарына (Еуро-4 және Еуро-5 аналогтары) сәйкес келеді.

КО ТР сәйкес автомобиль бензинінде және дизель отынында құрамында металл бар қосындыларды (құрамында марганец, қорғасын және темір бар қосындыларды) қолдануға жол берілмейді, күкірт мөлшері 50 мг/кг артық емес, бензол – 1 % артық емес болып белгіленді.

ҚР МӨЗ-дерін жаңғыртудың мақсаты – шығарылатын мотор отындарының сапасын К-5 класс деңгейіне дейін (Евро-5 стандарт аналогы) арттыру.

Бұл ретте, көлік құралдары қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылған газдардан адам денсаулығына антропогендік әсердің басым көзі болып табылатын шығарылатын мотор отынында зиянды заттардың құрамы төмендеді:

  • күкірт бойынша 10 есе (күкірт тотығының түзілу көзі);
  • хош иісті заттар бойынша 1,5 есе (күйе түзілу көзі);
  • бензол бойынша 5 есе (бензопереннің пайда болу көзі – канцероген, бірінші қауіптілік класына жатады).
Қазақстан Республикасында өндірілген ҚМГ мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу, мың тонна

­Өнім

2021

2022

2023

ішкі нарық

экспорт

барлығы

ішкі нарық

экспорт

барлығы

ішкі нарық

экспорт

барлығы

Бензин

1 195

1 195

1 333

7

1 340

1 529

1 529

Дизель отыны

1 291

57

1 348

1 513

1 513

1 512

1 512

Авиациялық отын

120

120

161

161

165

165

Мазут

241

542

783

265

588

853

205

504

708

Вакуумдық газойль

166

166

105

105

81

81

Битум

83

83

125

125

87

87

Кокс

79

66

144

56

65

121

50

103

154

Күкірт

3

17

20

5

14

19

12

9

21

Бензол

4

4

3

3

12

12

Параксилол

25

25

34

34

8

8

Сұйытылған газ

162

1

163

204

204

230

230

Пеш отыны

4

4

3

3

Технологиялық
отын

382

382

408

408

411

411

Басқалары

18

18

22

22

21

21

Барлығы

3 577

877

4 454

4 091

816

4 908

4 224

716

4 940

2023 жылғы мұнай өңдеудегі жетістіктер
ПМХЗ
АМӨЗ
ПКОП