Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту
- ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін оқыту ҚМГ компаниялар тобында өзекті болып қала береді. Осыған байланысты осы салаларда персоналды міндетті оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру басым бағыт болып табылады.
2022 жылдан бастап ҚМГ КО қызметкерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт-техникалық минимум бойынша міндетті оқыту «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС платформасында өтеді.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша оқыту «70/20/10» (жұмыс орнында / ішкі / сыртқы) оқыту моделі бойынша қолда бар оқу-курстық комбинаттар/орталықтар базасында жүргізіледі. Тәжірибелі қызметкерлер арасында тәлімгерлік және ішкі жаттықтырушылық жөніндегі бағдарламалар іске асырылады, шеберлік сабақтары мен тренингтер, озық қызметкерлер арасында әртүрлі конкурстар өткізіледі, бұл ішкі коммуникацияларды жетілдіруге және қызметкерлерді өз кәсіптерінде үздік болуға ұмтылуға ынталандыруға мүмкіндік береді.
Меншікті оқу-курстық комбинаттары/орталықтары бар: «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (Жаңаөзен), «ҚазТрансОйл» АҚ (Ақтау қ.), «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС (Павлодар қ.) және «Oil Services Company» ЖШС (Ақтау қ).
NEBOSH (National Examination Board in Occupational Safety and Health) – еңбекті қорғау және қызметкерлердің денсаулығы саласында біліктілік пен оқытуды ұсынатын халықаралық танылған ұйым.
NEBOSH курстары мұнай-газ саласын қоса алғанда, әртүрлі салаларда жоғары біліктілігімен және сұранысымен танымал. NEBOSH курстары бойынша оқыту ҚМГ және оның ЕТҰ қызметкерлеріне тәуекелдерді бағалау, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті басқару бойынша практикалық дағдыларды алуға көмектеседі, бұл өз кезегінде жұмыс тиімділігін арттырады және өндірістік жазатайым оқиғалар қаупін азайтады.
ҚМГ компаниялар тобында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қызметкерлер үшін жыл сайын оқыту сессиялары, семинарлар өткізіледі. 01.07.2021 ж. бастап ҚР жаңа Экологиялық кодексі қолданысқа енгізілуіне байланысты енгізілген жаңалықтарды түсіндіру үшін, оның ішінде ҚОӘБ рәсімі, экологиялық жобалау, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өту және оның мерзімдері, ҚР Кәсіпкерлік кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар бойынша енгізілген жаңалықтарды түсіндіру үшін, Компания қызметкерлері семинарларға қатысып, оларда спикерлер ретінде жаңа Экологиялық кодексті әзірлеушілер және Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері сөз сөйледі. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар алды.
2023 жылы ӨБ, ЕҚ және ОЖ мәселелері бойынша оқудан өткен ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің ішінен санаттар бойынша білім алғандардың деңгейі: ӘБП – 2 919, ИТҚ – 20 406 және өндірістік персонал – 85 139 адамды құрады. 2023 жылы 12 055 әйел мен 96 409 ер адам оқудан өтті, бұл жалпы 108 464 адамға шаққанда – әйелдердің 11.1 %-ы және 88,9 %-ы.