ОРНЫҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2023

Жұмыспен қамту

ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҰМЫСКЕРЛЕР - ЖЫНЫСЫ БОЙЫНША БӨЛІНІСТЕ(%)

2023 жылы ҚМГ 49 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыды.

2023 жылдың соңында жұмыскерлердің нақты саны ҚМГ компаниялар тобы бойынша 46 603 адамды, аутстаффинг – 3 107 адамды құрады (2022 жылы – 44 688, 2021 жылы – 44 650 адам, аутстаффинг – 2022 жылы – 2 838, 2021 жылы – 2 787 адам).

Компаниялар қызметінің бағыты ауыр, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларымен байланысты екенін ескергенде, ерлер үлесі 81 %, әйелдер үлесі 19 %-ды құрайды.

Персоналдың жалпы санындағы өндірістік персоналдың үлесі – 92 %, әкімшілік-басқару персоналының үлесі – 8 %-ды құрайды.

2021-2023 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ЖЫНЫСЫ БОЙЫНША БӨЛІНІСТЕ
ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, ЖЫНЫСЫ МЕН САНАТТАР БОЙЫНША БӨЛІНІСТЕ, %

Қызметкерлер санаттарының атауы

Ерлер

Әйелдер

Қызметкерлердің жалпы санындағы әр санаттағы қызметкерлердің үлесі, %

Басшылар

85

15

10

Мамандар

62

38

18

Жұмысшылар

86

14

72

2023 жылы ҚМГ компаниялар тобында әйелдердің үлесі 19 %-ды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда әйелдердің үлесі 1 %-ға өсті. Бұл ретте әйел басшылардың үлесі 3 %-ға азайып, ҚМГ компаниялар тобындағы басшылардың жалпы санының 15 %-ын құрады (2022 – 18, 2021 – 18), мамандар – мамандардың жалпы санындағы әйелдердің 38 %-ы (2022 – 39, 2021 – 40), жұмысшылар – жұмысшы мамандықтардың жалпы санындағы әйелдердің 14 %-ы (2022 – 12, 2021 – 12).

Жас санаты бойынша қызметкерлердің негізгі үлесі 31-ден 50 жасқа дейінгі топта – 58 %-ды құрайды, бұл ретте ерлер үлесі 81 %, әйелдер үлесі 19 %-ды құрайды.

50 жастан асқан қызметкерлердің саны персоналдың жалпы санының 31 %-ын құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі 81 %, әйелдердің үлесі 19 %-ды құрайды.

30 жасқа дейінгі жастардың үлесі қызметкерлердің жалпы санының 11 %-ын құрайды, бұл ретте ерлердің үлесі 88 %, әйелдердің үлесі 12 %-ды құрайды.

ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖҰМЫСКЕРЛЕР - ЖАС ТОБЫ БОЙЫНША БӨЛІНІСТЕ(%)
2021-2023 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖАС ТОПТАРЫ БОЙЫНША ҚМГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ(%)

2023 жылы жалданған қызметкерлердің саны 5 746 адамды немесе орташа тізімдік санның 12 %-ын құрайды.

2021–2023 жылдары жалданған қызметкерлер, %

жылдар

2021

2022

2023

қабылданған қызметкерлер %

9

10

12

ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖҰМЫСКЕРЛЕР - ЖАС ТОБЫ БОЙЫНША БӨЛІНІСТЕ(%)
ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ БҰЗЫЛҒАН ЖҰМЫСКЕРЛЕР - ЖАС САНАТТАРЫ БОЙЫНША БӨЛІНІСТЕ(%)
ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖҰМЫСКЕРЛЕР - ЖЫНЫСЫ БОЙЫНША БӨЛІНІСТЕ(%)
ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ БҰЗЫЛҒАН ЖҰМЫСКЕРЛЕР - ЖЫНЫСЫ БОЙЫНША БӨЛІНІСТЕ(%)

Еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлердің саны есепті кезеңде 2 124 адамды немесе орташа тізімдік санның 4,5 %-ын құрады, оның ішінде жас санаттары бойынша: 30 жасқа дейін – 23 % (27 % – 2022, 29 % – 2021), 31 жастан 50 жасқа дейін – 46 % (45 % – 2022, 44 % – 2021), 50 жастан асқан – 31 % (28 % – 2022, 27 % – 2021).

Тәжірибеден мысал

ГЕНДЕРЛІК БАСТАМАЛАР

2023 жылы ҚМГ мен ЕТҰ мұнай-газ саласында жұмыс істейтін әйелдерді қолдауға бағытталған бірқатар гендерлік бастамалар жүргізді.

2023 жылдың сәуір айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да «TechWomen» бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарынан келген делегацияның Қазақстанға сапары аясында әйелдердің әлеуетін дамыту бойынша сессия өтті. Келген делегацияның миссиясы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге, оларды ғылым, технология, инженерия және математика салаларында қолдауға және елдер арасындағы кәсіби және мәдени алмасуға бағытталған. Делегация құрамына АҚШ-тың жетекші технологиялық компаниялары мен қоғамдық институттарының, Кремний алқабындағы кәсіби даму және алмасу ұйымдарының 50 сарапшысы мен өкілдері кірді. Іс-шарада ҚМГ-ға 100-ге жуық қатысушы, оның ішінде геология, өндіру, мұнай сервисі, мұнай тасымалдау және қайта өңдеуді қоса алғанда, ұлттық компанияның түрлі бизнес-бағыттары бойынша жұмыс істейтін өңірлерден келді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Диана Арысова KAZENERGY «EmpowerHER energy forum» Әйелдер энергетикалық клубы форумының пленарлық сессиясына қатысты. Пленарлық сессияда энергетика секторында тең мүмкіндіктер құру талқыланды. 

Д. Арысова «ҚазМұнайГаз» тұрақты дамуының бөлігі ретінде әйелдердің іскерлік әлеуетін ашу» тақырыбында сөз сөйледі. Панельдік сессияға Қазақстанның ірі мұнай-газ компанияларының, мемлекеттік органдардың, KAZENERGY қауымдастығының басшылары мен іскер топтардың өкілдері қатысты.

«Ембімұнайгаз»  АҚ «Мұнайшы қыз» әйелдер клубының бес жылдығына орай Атырауда компания басшылығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорындарының қызметкерлерінің, ірі мұнай-газ жобаларының, мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылықтың өкілдерінің қатысуымен форум өтті. Мерейтойлық іс-шараның тақырыбы – ESG, гендерлік теңдік және әсіресе мұнай-газ секторында жұмыс істейтін әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

«Қазмұнайгаз» ҰК АҚ және «ҚМГ Инжиниринг» өкілдері ЕҚЫҰ-ның «Энергетикалық сектордағы Орталық Азия әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» («Empowering Central Asian women in Energy Sector») Жаһандық энергетикалық ауысудағы әйелдер желісімен (GWNET) бірлескен бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

жылдар

2021

2022

2023

ҚМГ компаниялар тобы бойынша кадрлардың тұрақтамау коэффициенті 6

6 %

6 %

4,5%

6Қызметкерлердің тұрақтамау коэффициенті = А/В*100, мұнда А – өз бастамасы бойынша, тараптардың келісімі бойынша немесе қызметкердің кінәсінен жұмыстан босатылған қызметкерлердің есепті кезеңнің соңындағы саны; В – есептті кезең ішіндегі орташа тізімдік саны.

Компанияның барлық қызметкерлерінің 32 %-ы есепті кезеңдегі нәтижелілікті бағалаудан өтті (2022 – 46 %, 2021 – 43 %). Оның ішінде әйелдер – 22 %, ерлер – 78 %. Қызметкерлер санаттары бойынша бөліністе: басшылар – 9 %, мамандар – 21 %, жұмысшылар – 70 %.

Есепті кезеңнің соңында бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлердің саны 623 адамды құрады, бұл ретте әйелдердің үлесі 93 %, ерлер – 7 %-ды құрайды.

Есепті кезеңде жүктілік және босану бойынша демалыстағы әйелдер – 184 адам.

БАЛА КҮТІМІ БОЙЫНША ДЕМАЛЫСТАҒЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕР(адам)
Есепті кезеңде жүктілігі мен босануы бойынша демалыстағы әйелдер

жылдар

2021

2022

2023

әйелдер саны

231

352

184