Адам құқықтарын сақтау және әлеуметтік қолдау
Компания Адам құқықтары жөніндегі халықаралық билде, еңбек саласындағы ХЕҰ стандарттарында бекітілген халықаралық танылған адам құқықтарын ұстанады және БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі нұсқаулықтарын іске асыруға ұмтылады.
ҚМГ ҚР еңбек заңнамасының талаптарын қатаң орындайды және оның нормаларын бұзбайды, яғни ешкім еңбек құқықтарын іске асыру кезінде тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, сенімдері, тұрғылықты жері, жасы немесе жеке кемшіліктері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы бойынша ешқандай кемсітушіліктерге ұшырамауы тиіс.
Біз балалар еңбегін пайдаланбаймыз, мәжбүрлі еңбекпен айналыспаймыз, нәсіліне, дініне және жынысына қарамастан барлық қызметкерлердің тең құқықтарын мойындаймыз.
Есепті кезеңде кемсітушілік фактілері тіркелмеген.
2022 жылы ҚМГ Директорлар кеңесі Адам құқықтары және жұртшылықпен қарым-қатынас саласындағы саясатты бекітті. ҚМГ веб-сайтында саясат туралы толығырақ ақпарат берілген: https://www.kmg.kz/ru/sustainable-development/corporate-governance/corporate-documents/.
Адам құқықтары саласында біз мынадай міндеттемелерді қабылдаймыз:
- халықаралық нормаларға сәйкес адам құқықтарын құрметтеу;
- ҚМГ мен ЕТҰ-ның жоғары басшылығы деңгейінде келісе отырып, саладағы адам құқықтарына әсер етуге байланысты мәселелерді шешу үшін бағдарламалар қабылдау;
- адам құқықтарына әсерді бақылау және ол туралы хабарлау;
- ҚМГ қабылдаған шағымдар мен кінәрат-талаптарды қарау тетіктерін сақтау;
- теріс әсерді жою немесе азайту үшін өтемақы және құқықтық қорғау құралдарын ұсыну;
- тиісті есептілікті жасай отырып, адам құқықтарына ықпалын бақылау арқылы адам құқықтарына қатысты тиісті байқампаздық таныту;
- өз қызметкерлеріне жағымсыз әсерлерді жою үшін құқықтық қорғау құралдарын ұсыну;
- ҚМГ-ның персоналдан және үшінші тараптардан адам құқықтарына қатысты күтулерін ашу.