ӘДЕП және адалдық
Құндылықтар, қағидаттар, стандарттар және мінез-құлық нормалары
Корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету Компания жұмысының маңызды қағидаты болып табылады. Корпоративтік жауапкершілік орнықты дамуға үлес қосатын және заңнама мен халықаралық мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін ашық және этикалық мінез-құлықты қамтиды. Компанияның осы саладағы қызметі жүйелі сипатқа ие, осыған байланысты 2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
ҚМГ қызметі мынадай корпоративтік құндылықтарға негізделген:
- Әділдік
- Бейілділік
- Даму
- Қауіпсіздік
- Жауапкершілік
ҚМГ-ның акционерлермен, қызметкерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, серіктестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен іскерлік қарым-қатынастарының негізінде іскерлік шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да мүдделердің үйлесуі, тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін өзара құрметтеу, сенім, жауапкершілік және сақтау жататындықтан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Іскерлік әдеп кодексінің ережелеріне мүлтіксіз сүйенеді.
Кодекс ашық құжат болып табылады және ҚМГ іскер әріптестері мен басқа да мүдделі тұлғалар арасында еркін таратылады. Ол сондай-ақ Компанияның веб-сайтында «Корпоративтік құжаттар» бөлімінде орналастырылған: https://www.kmg.kz/ru/sustainable-development/corporate-governance/corporate-documents/.
Әдепке жатпайтын мінез-құлық туралы консультацияларға жүгіну тетіктері
Қызметкерлердің құқықтарын сақтау мәселелерінің алдын алу мақсатында нақты уақыт режимінде қызметкерлер тарапынан да, үшінші тұлғалар тарапынан да жасалған құқыққа қайшы әрекеттердің барлық фактілері туралы құпия және қолжетімді ақпарат құралдары ұйымдастырылды.
Компания тобының кез келген қызметкері немесе өзге тұлға ҚМГ және оның ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын басқа қызметкерлердің, контрагенттердің немесе өзге де тұлғалардың іс-әрекеттерінің заңдылығына күмән туындаған жағдайда бұл туралы басшылыққа, өзінің тікелей басшысына, Омбудсмен қызметі мен Комплаенс қызметіне хабарлай алады.
Бұл хабарламалар құпиялылықты қамтамасыз ететін мынадай арналар мен байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.


Компанияның барлық қызметкерлері, лауазымды және өзге де мүдделі тұлғалар Омбудсменге жүгінуге құқылы. Омбудсменнің негізгі функцияларының бірі – лауазымды тұлғалардың іскерлік әдеп кодексінің ережелерін сақтауын, барлық қызметкерлердің әділдігі мен мүдделерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету.
2023 жылы ҚМГ атына «Нысана» бастамашылық ақпараттандыру кол-орталығына қауіпсіздік, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу, әлеуметтік-еңбек жанжалдары мәселелері бойынша 223 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштерге уақтылы жауаптар берілді, 12 өтініш өңірлерге барып қаралды.
«Жедел желі» байланыс телефондары ҚМГ корпоративтік сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылған. Осыған ұқсас мәліметтер ЕТҰ сайттарында бар.
Сенім телефоны – бұл заңнаманың және/немесе іскерлік әдеп кодексінің болжамды бұзушылықтары, сыбайлас жемқорлық, алаяқтық жағдайлары, сондай-ақ құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету туралы ақпарат беру арнасы. Жедел желіге келіп түскен барлық өтініштер электрондық журналда тіркеледі.
Келіп түскен өтініштерді тіркеу және өтініш берушіге жауап беру процесі толығымен автоматтандырылған және жедел желі операторының барлық өтініштері нақты уақыт режимінде ҚМГ компаниялар тобының комплаенс-офицерлерінің қарауына түседі. Жүйе сонымен қатар өтініштерді дербес құруға, оларды комплаенс-қызметтердің қызметкерлеріне орындауға беруге, мәртебелер мен түсініктемелерді көрсетуге, файлдарды тіркеуге және аналитиканы жүктеуге мүмкіндік береді. Комплаенс қызметінің ЕТҰ комплаенс-қызметтерінің өтініштерді қарауының сапасын талдауға мүмкіндігі бар.
Құқық бұзушылықтар профилактикасы және алдын алу тиімділігін арттыру, Компания қызметкерлерімен және үшінші тараптармен (заңды және жеке тұлғалармен) өзара іс-қимылды жетілдіру және кері байланысты қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚМГ мен ЕТҰ-дағы заңды құқықтар мен мүдделерді қорғау мақсатында:
- Барлық хабарламаларды, оның ішінде анонимді хабарламаларды операторлар қабылдап өңдейді, әрі қарай олардың құпия қаралуын қамтамасыз ететін ҚМГ Комплаенс қызметіне береді.
- Комплаенс қызметі тоқсан сайын келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері туралы ақпаратты Аудит жөніндегі комитетке және ҚМГ Директорлар кеңесіне жеткізеді.
2023 жылы Жедел желісіне 84 өтініш келіп түсті. Компанияда 2022 жылмен салыстырғанда шағымдар санының 23 %-ға азайғаны байқалады. Бұл динамика ҚМГ мен оның ЕТҰ-дағы жанжалдар мен шағымдарды реттеу процесінің жақсарғанын көрсетеді.
ЕТҰ-мен жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты ҚМГ жергілікті жерлерде функцияларды енгізу және кәсіпорынның ерекшелігін ескере отырып, комплаенс-бағдарламаларды қалыптастыру арқылы кәсіпорындарды корпоративтік мәдениетке интеграциялау процестерін жеделдетуге тырысады. Сонымен бірге Жедел желіге келіп түскен өтініштердің арқасында сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылмен тікелей байланысты емес мәселелерді де реттеуге мүмкіндік туды. Мәселен, мысалы, Жедел желіге іскерлік мінез-құлықты бұзуға, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға байланысты өтініштер келіп түсті. Келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіп пен мерзімдерде қаралды, болашақта осындай жағдайлардың қайталану ықтималдығын төмендететін тиісті шаралар қабылданып, өтініш берушілерге қарау нәтижелері туралы хабарланды.
Азаматтардан өтініштер «e-Otinish» арқылы да келіп түседі, бұл расталмаған ақпаратпен жасырын жүгінуді азайтуға мүмкіндік берді, көбінесе жеке ұнатпауы немесе өзара жанжал салдарынан белгілі бір адамның беделін түсіруге бағытталған. ҚМГ және оның ЕТҰ бойынша 2023 жылы алынған өтініштердің жалпы саны – 1795 өтініш (2022 жылы – 832).
ҚМГ компаниялар тобында корпоративтік қауіпсіздік бөлімшелері қызметкерлер мен өзге де адамдардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыс жүргізеді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық нормативтік актілерді, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚМГ мен ЕТҰ-ның жалпы корпоративтік және ішкі құжаттарын қатаң басшылыққа алады.
Жалпы, ҚМГ және ЕТҰ басшылығы адам құқықтарын сақтау мәселелеріне елеулі көңіл бөледі, қызметтің осы бағытын жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
ҚМГ өз бизнесін заңдылық, адалдық және әдептілік қағидаттарына негіздейді. Компания адам құқықтарын қатаң сақтайды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлық мүмкін әрекеттерді жасайды, мінсіз беделге қамқорлық жасайды және этика саласында жоғары халықаралық стандарттарды енгізуге ұмтылады.
ҚМГ-да Комплаенс қызметі (бұдан әрі – Қызмет) жұмыс істейді. Қызметтің жауапкершілік аймағына қызметкерлердің еңбек қызметі шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар жасау мүмкіндігіне қатысты тәуекелдерді болдырмау кіреді. Компания қызметінің дербес бағыты болып қала отырып, Қызмет Компанияның барлық бизнес бөлімшелерімен интеграцияланған.
Әдепті мінез-құлық және бизнесті адал жүргізу стандарттарына сәйкес болу мақсатында ҚМГ-да комплаенс мәселелері бойынша қолданыстағы ішкі құжаттарды жаңарту жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ ішкі бақылау қағидалары өзектендірілді.
Есепті кезеңде қызмет инсайдерлік ақпаратқа иелік етуді және оны пайдалануды ішкі бақылауды жүзеге асырды.
Этика және адал бизнес стандарттарына сәйкес болу үшін Қызмет Компанияның контрагенттерін тексереді. Бұл сенімсіз серіктестермен шарттар жасасудың жолын кесуге, тауарларды жеткізбеу, жұмыстарды орындамау немесе қызметтерді көрсетпеу тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.
Сондай-ақ ҚМГ-да ұйымдық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындаумен байланысты бос лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттарды тексеру жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылдау шарттарының бірі сатып алу рәсімдерімен айналысатын ізденушілер үшін психологиялық тексерулер мен полиграфиялық тестілер (өтірік детекторы) болды.
Комплаенс мамандары жұмысының тағы бір маңызды бағыты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүйелі шараларының бірі болып табылатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ Компанияның бизнес-процестеріндегі кемшіліктер анықталады.
Мәселен, 2023 жылы ҚМГ КО-да және 23 ЕТҰ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша оларды орындау бойынша ұсыныстар мен жоспарлар әзірленді. Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлықтың расталған жағдайлары жоқ.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында Compliance Control мүдделер қақтығысын декларациялау жүйесі автоматтандырылып, өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Есепті кезеңде Топ қызметкерлері мүдделер қақтығысы жағдайларының болуы / болмауы туралы ақпаратты кең көлемде ашты.
Есепті кезеңде Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде жоғары басшылық пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар өткізілді.
2023 жылдың қыркүйегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесіп, қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларды ҚМГ КО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әдістеріне оқыту жүргізілді. Сондай-ақ есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта мына ЕТҰ-да оқыту іс-шаралары өткізілді: «Ембімұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «KMG Systems & Services» ЖШС, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰМКК АҚ, «KMG Barlau» ЖШС, «ҚМГ Құмкөл» ЖШС, «KMG PetroChem» ЖШС, «KMG Drilling & Services», «АМӨЗ» ЖШС, «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, «Ak Su KMG» ЖШС, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК.
Комплаенс қызметі ҚМГ компаниялар тобы мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамытуды және біліктілігін арттыруды қолдайды.
2023 жылғы 5-8 желтоқсан аралығында ҚМГ тобының комплаенс-офицерлері «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен Еуропа кеңесі өткізген «Жеке сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» тақырыбында тренингтен өтті, ал бүгінде комплаенс командаларында комплаенс бойынша халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар беретін комплаенс саласында кәсіби сертификаттары бар мамандар бар.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі және сыртқы ережелер мен нормативтік талаптардың сәйкестігін бақылау тиімділігін арттыру мақсатында комплаенс-жүйені дамыту, жақсарту және жетілдіру бойынша тұрақты негізде үздіксіз жұмыс жүргізеді.