Теңіз ұңғымаларын басқару
ҚМГ Каспий теңізінің қазақстандық секторында стратегиялық әріптестермен бірлесіп «Жеңіс», «Абай», «Әл-Фараби» және т.б. жер қойнауын пайдалану учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Теңізде барлау жұмыстарының жоғары құнын ескере отырып, ҚМГ барлаумен байланысты тәуекелдерді халықаралық серіктестермен (Eni, Лукойл және т.б.) бөлісуге тырысады. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға және бірлескен қызмет туралы келісімдерге сәйкес теңіз ұңғымаларын басқару жөніндегі барлық қажетті міндеттемелер арнайы құрылған бірлескен кәсіпорындарға беріледі.
Бұл ретте бірлескен кәсіпорындарда теңізде ұңғымаларды бұрғылау және теңіз сейсмикалық барлау жұмыстары процестері бойынша басқарушылық шешімдерді ҚМГ және әріптестер Операциялық комитеттер мен олардың кіші комитеттері шеңберінде (қаржылық, техникалық, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша, сатып алу бойынша) халықаралық стандарттар мен ҚР заңнамасының талаптарына толық сәйкес қабылдайды.
Теңіз ұңғымаларын басқарумен байланысты барлық міндеттер Операциялық комитет туралы ережелерде және Бірлескен қызмет туралы келісімде көрсетілген.
- ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
- Біздің басқару тәсіліміз
- Cу ресурстарын басқару бағдарламасы
- Қоршаған ортаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Шикі газды ұтымды пайдалану
- Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
- Жұмыс алаңдарын жабу және қалпына келтіру
- Теңіз ұңғымаларын басқару
- Мұнай төгілуінің алдын алу және жою
- Биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау
- Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту
- Жоспарланған шаруашылық қызметті экологиялық бағалау
- Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл
- ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы