Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
ҚМГ және оның еншілес ұйымдары қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі өндірістік қызмет нәтижелерінен басым болатын қағидатты ұстанады. Компания жүргізетін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саясаты осы саладағы жоғары басшылықтың міндеттемелеріне негізделген және әрбір қызметкерді қауіпсіздік мәдениетін құруға тартуға бағытталған. Компания басшылығы жазатайым оқиғаларға, сондай-ақ алкогольді, есірткі мен психотроптық заттарды тұтынуға және жол-көлік оқиғаларына нөлдік төзімділік ұстануға ұмтылады. Компания ұлттық заңнаманы да, халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарын да сақтауға міндеттенеді. ҚМГ әлемдік стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес өндірістегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ерекше мән береді.
IOGP-ге мүшелік шеңберінде ҚМГ компаниялар тобында IOGP «Өмірлік маңызды ережелері» әзірленіп, енгізілді. Қызметкерлерді «Өмірлік маңызды ережелердің» сақталуы туралы ақпараттандыру мақсатында ЕТҰ-да қызметкерлерге нұсқау беру, видеоматериалдарды телехабар тарату арқылы науқандар өткізілді. ҚМГ Басқарма төрағасының атынан «Өмірлік маңызды ережелерді» сақтаудың маңыздылығы және орындалатын жұмыстардан қауіпсіз бас тарту құқығы туралы жолдау жолданды. Сонымен қатар қызметкерлерде еңбек қауіпсіздігі мәдениетін дамыту мақсатында, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылы «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» бағдарламасы бойынша ҚМГ мен ЕТҰ-ның 30 мыңға жуық қызметкері оқытылды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың салдарынан зардап шеккендердің саны өткен жылмен салыстырғанда 19 %-ға (2022 жылғы 36 жағдайдан 2023 жылы 29 жағдайға дейін) төмендеді.
Жол-көлік оқиғаларының саны 21 %-ға (2022 жылы 24 жағдайдан 2023 жылы 19 жағдайға дейін) төмендеді, өрттердің саны 100 %-ға төмендеді (2023 жылы өрттер тіркелген жоқ, 2022 жылы – 1 жағдай).
2023 жылы еңбек қызметімен байланысты өліммен аяқталған 2 жазатайым оқиға болды (ЖКО салдарынан «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның 1 қызметкері және жылжымалы заттардың әсері салдарынан «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-ның 1 қызметкері).
ЕҚ және ӨҚ негізгі көрсеткіштері |
Өлш.бірл. |
2021 |
2022 |
2023 |
Ауытқу2023/2022 |
% |
---|---|---|---|---|---|---|
Жазатайым оқиғалар |
Жағдайлар |
28 |
35 |
28 |
–7 |
–20 |
Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер |
Адам |
32 |
36 |
29 |
–7 |
–19 |
Соның ішінде өлім жағдайлары |
Адам |
3 |
1 |
2 |
+1 |
+100 |
Жол-көлік оқиғалары |
Оқиға |
22 |
24 |
19 |
–5 |
–21 |
Өрт |
Оқиға |
6 |
1 |
0 |
–1 |
–100 |
Жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім коэффициенті
Көрсеткіш |
2021 |
2022 |
2023 |
IOGP 1 |
1 миллион адам-сағатқа жұмыс уақыты жоғалатын жазатайым жағдайлардың коэффициенті |
0,31 |
0,36 |
0,30 |
0,26 |
100 миллион адам-сағатқа өлім жағдайларының коэффициенті |
2,93 |
1,0 |
2,11 |
0,30 |
12022 жылға арналған қолжетімді IOGP көрсеткіштері (https://www.iogp.org/).
Компания ҚМГ тобы ішінде және мердігерлер бойынша есеп жүргізеді, мердігерлер бойынша деректер жазатайым оқиғалар мен өлім-жітім көрсеткіштеріне енгізілмеген.
Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару
2023 жыл ішінде авариялар мен инциденттердің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде өндірістік процестердің қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету / кедергілерді басқару мәселелері бойынша ЕТҰ-ға түсіндіре отырып, кеңестік-консультациялық жұмыс жүзеге асырылды. Сондай-ақ, 2023 жылы ЕТҰ-ның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметі бойынша 23 жоспарлы тексеру жүргізілді. ҚМГ компаниялар тобындағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту бойынша 220 ұсыныс берілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ энергия көздерін оқшаулаудың корпоративтік қағидаларын енгізу шеңберінде ЕТҰ-мен LOTO өндірістік қауіпсіздік жүйесін енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоспарға сәйкес, 2024 жылы ҚМГ компаниялар тобының өндірістік қызметінде LOTO өндірістік қауіпсіздік жүйесін енгізу және практикалық қолдану бойынша жұмыстар жалғасады.


ҚМГ ЕТҰ объектілерінде өндірістік қауіпсіздікті жүйелі жетілдіру мақсатында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Маңғыстау филиалы бөлімшесінің, «Семсер Өрт сөндіруші» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің қатысуымен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Жетібаймұнайгаз» ЖШС өндірістік басқармасының оқу полигонында жанып тұрған ұңғымадағы ашық субұрқақты жою және зардап шеккен адамды құтқару бойынша апатқа қарсы жаттығу өткізілді. Іс-шараның барысын «Самұрық-Қ азына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің, Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және ҚМГ ЕТҰ өкілдері қадағалады.
Жаттығу барысында ұңғыма жабдықтарын салқындату, субұрқақтың жылу шығару қарқындылығын төмендету, газдану аймағын айқындау, аузын тығыздау және ауырлатылған бұрғылау ерітіндісін айдау арқылы ұңғыманы сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды.
Көлік қауіпсіздігі
Бүгінгі таңда Компанияда 11000-нан астам автокөлік пен арнайы техника бар, олар көбінесе ірі қалалар мен елді мекендерде қарқынды қалалық трафик жағдайында пайдаланылады, мұндайда үшінші тараптың кінәсінен болатын ЖКО туындау қаупі жоғары. Мәселен, 2023 жылы болған 19 ЖКО-ның 15-і жол қозғалысының басқа қатысушыларының кінәсінен болған.
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автокөлікті пайдалану және қызмет көрсету барысында адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, ЖКО алдын алу, Компания қызметкерлерінің жарақаттануының ықтимал тәуекелдерін азайту шеңберінде көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілуде:
- 2023 жылы ЕТҰ мен мердігерлік ұйымдардың RoSPA халықаралық стандарттарына сәйкес «Қорғаныштық жүргізу» әдістемесі бойынша оқудан өтті.
- ҚМГ компаниялар тобы қызметкерлерінің қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыру және ЖКО кезінде жарақаттануды азайту мақсатында ЖКО кезінде маңдайлық соқтығысу тренажер-имитаторының (конвинсер) практикалық демонстрациясы өткізілді, оған ҚМГ ЕТҰ-ның 7 783 қызметкері қатысты.
- «Сапарларды басқару» көлік құралдарын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесінің жобасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы ҚБМ, ӨМГ, ММГ, ОТК, ОСК-да көлікті басқару процестерінің диагностикасы жүргізілді (ҚБМ, ОМ, ОТК, ОСК-да жобаны іске асыру бойынша жол карталары бекітілді).
Өрт қауіпсіздігі
2023 жылы ҚМГ нысандарында өрт жағдайлары тіркелген жоқ (2022 жылы электр жабдықтарын пайдаланудың бұзылуы себебінен зардап шеккендерсіз 1 өрт жағдайы тіркелген).
Бұл ретте өрт қауіпсіздігі бөлігінде мынадай оқиғалар тіркелді: 11 жану («АМӨЗ» ЖШС (2), «ӨМГ» АҚ (2), «ӨМС» ЖШС, «ММГ» АҚ, «Petromidia» МӨЗ (2), «ЕМГ» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «ОЅС» ЖШС), 1 жарқыл («ӨМГ» АҚ), 3 бықсу («ҚазТрансОйл» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «ММГ» АҚ). Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «өрт», «жану», «бықсу» және «жарқыл» белгілері мен анықтамалары әртүрлі, осыған байланысты жоғарыда аталған барлық жағдайлар өрт статистикасына кірмеген.
Өртке қарсы қауіпсіздік шараларын арттыру мақсатында 2021 жылғы қазанда ҚМГ 2022–2024 жылдарға арналған Өрт қауіпсіздігі саласындағы кешенді жоспарды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларымен бірге әзірлеп, бекітті.
Кешенді жоспарға сәйкес және «Самұрық-Қазына» АҚ тапсырмасын орындау аясында барлық ЕТҰ-да жыл бойы жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
2023 жылғы шілдеде «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да оқу-жаттығулар өткізілді.
2023 жылғы 20 қыркүйекте ҚР ТЖ министрінің қатысуымен «Caspi Bitum» БК ЖШС резервуарлық паркінде өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
ҚМГ корпоративтік орталығында 2023 жыл ішінде адамдарды эвакуациялаумен және ғимараттағы шартты өртті сөндірумен өртке қарсы екі жаттығу өткізілді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды жақсарту мақсатында жыл ішінде ҚМГ ЕТҰ-да әдістемелік көмек ретінде өрттен қорғау нормаларын күшейту және түсіндіру бойынша іс-шаралар жүргізілді.
2024 жылға Компанияда өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған мынадай бастамалар жоспарланған:
- 2022–2024 жылдарға арналған Өрт қауіпсіздігі саласындағы кешенді жоспардың ұзақ мерзімді іс-шараларын іске асыру;
- ЕТҰ мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің Компания объектілерінде өрттердің алдын алуға және сөндіруге дайындығын тексеру және бағалау жүргізу.
ӨҚ, ЕҚ және ҚО бағытын цифрландыру
Көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру, қауіпсіз жүргізу мәдениетін және бірыңғай орталықтандырылған цифрлық платформаны құру мақсатында 2022 жылы ЕМГ-де «Сапарларды басқару» көлік құралдарын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру аяқталды.
«Сапарларды басқару» көлік құралдарын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін ЕМГ-де енгізу нәтижесінде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі оң әсерді ескере отырып, жобаны ҚМГ-ның басқа ЕТҰ-ға кезең-кезеңімен көбейту шеңберінде, 2023 жылы ҚБМ, ӨМГ, ММГ, ОТК, ОСК-да көлікті басқару процестеріне диагностика жүргізілген (ҚБМ, ӨМГ, ОТК, ОСК-да жобаны іске асыру бойынша жол карталары бекітілді).
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы процестерді цифрландыру шеңберінде «Ембімұнайгаз» АҚ базасында электрондық наряд-рұқсаттар жүйесін енгізу процесі жалғасуда. 2023 жылғы желтоқсаннан бастап электрондық наряд-рұқсат беру жүйесі «Ембімұнайгаз» АҚ барлық өндірістік құрылымдық бөлімшелері бойынша пайдалануға енгізілді.
Сондай-ақ, 2024 жылы ұңғымаларды жерасты жөндеу кезінде қауіпті технологиялық операцияларды жүргізу кезінде оқыс оқиғалардың алдын алуға және қызметкерлерге теріс әсерді азайтуға бағытталған «TUMAR» өндірістік қауіпсіздігі бойынша автоматтандырылған зияткерлік жүйені әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
- ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
- Біздің басқару тәсіліміз
- Cу ресурстарын басқару бағдарламасы
- Қоршаған ортаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Шикі газды ұтымды пайдалану
- Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
- Жұмыс алаңдарын жабу және қалпына келтіру
- Теңіз ұңғымаларын басқару
- Мұнай төгілуінің алдын алу және жою
- Биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау
- Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту
- Жоспарланған шаруашылық қызметті экологиялық бағалау
- Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл
- ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы