ОРНЫҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2023

Экономикалық нәтижелілік

10-қағида. Іскер топтар сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы керек

Компания орнықты экономикалық қызметті қамтамасыз етуге міндеттенеді. Компанияның қаржылық және операциялық көрсеткіштерге қол жеткізуі, стратегиялық және бизнес-жоспарлауы орнықты даму қағидаттары ескеріле отырып жүргізіледі. ҚМГ жыл сайын елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және Компания қатысатын өңірлерді дамытуға елеулі үлес қосады.

ҚМГ-ның шоғырландырылған және жекелеген даму жоспары мен бюджетін қалыптастыру және бекіту «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Даму жоспарын қалыптастыру, бекіту, түзету және мониторингілеу қағидаларымен регламенттеледі. Шоғырландырылған Бизнес-жоспар ЕТҰ-ның 5 жылдық кезеңге арналған жоспарларын қамтиды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ-ның бизнес-жоспарлары мен бюджеттерін әзірлеу, келісу, бекіту және мониторингілеу қағидаларымен регламенттеледі. ҚМГ-ның Даму жоспары мен бюджеті ҚМГ-ның бекітілген Корпоративтік есеп саясатының және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (ҚЕХС) талаптарына сәйкес жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесінде қалыптастырылады.

Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді талдау үшін ҚМГ ай сайынғы, тоқсандық және жылдық басқару есептері негізінде Бизнес-жоспарлардың орындалуына мониторинг жүргізеді.

Есепті кезеңде Компанияның таза пайдасы 924 млрд теңгені құрады.

ҚМГ қатысу өңірлеріндегі ірі салық төлеушілердің бірі бола отырып, ел бюджетіне салықтар және басқа да төлемдер бойынша өз үлесін қосады. 2023 жылы 1 162 млрд теңге сомасында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленді.

Компания сонымен қатар тұрақты жалақы ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлер мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсете отырып, 49 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Компания қызметкерлерге әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарына жіберген қаражат 2023 жылы 79 млрд теңгені құрады.

Отандық өндірушілерді қолдау бағдарламаларына қатысу және сатып алуда елішілік құндылықтарды арттыру ҚМГ-ның басым міндеті болып табылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ компаниялар тобы бойынша жеткізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемі 2 186 млрд теңгені құрады. Сатып алудағы елішілік құндылық үлесі – 77 %-ды құрайды. 

Компанияның экономикалық тиімділігінің төмендегі көрсеткіштері ел экономикасына қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік береді.