Cу ресурстарын басқару бағдарламасы
Су ресурстары осал және қазірдің өзінде климаттың өзгеруі мен өзгергіштігіне ұшырауда, бұл қауымдастықтарға, адам денсаулығына, экономикаға және қоршаған ортаға әртүрлі әсер етеді. ҚМГ өндірістік қызмет және өнімді жеткізу процесінде туындайтын су ресурстарына теріс әсерді азайтуға және мүмкіндігінше болдырмауға басымдық береді.
Компанияның орнықты даму мәселелеріне көзқарасы Компанияның мүдделері мен жоспарларының БҰҰ-ның негізгі қағидаттарымен, жалпыадамзаттық құндылықтармен, жаһандық үрдістермен және Қазақстанның даму басымдықтарымен үйлесуіне негізделген. Компания БҰҰ-ның орнықты дамуының 17 мақсатын ұстанады, оның бірі – 6-мақсат. «Таза су және санитария». Орнықты даму мақсаты 6 – барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның бар болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету – барлық басқа ТДМ-мен тығыз байланысты.
ТДМ 6 ауыз сумен жабдықтау және базалық санитария мәселелеріне, оның ішінде су шаруашылығын басқару, ақпа суларды тазарту және экожүйелерді сақтау мәселелеріне бағытталған қамту аясын кеңейтеді. Осы аспектілерді қызмет саласына қосу секторлық бытыраңқылық мәселесін шешуге және үйлесімді және орнықты басқаруды қамтамасыз етуге, яғни сумен жабдықтау саласындағы орнықты болашаққа апаратын жолдағы аса маңызды алғашқы қадам болып табылады.
Экологиялық саясатқа сәйкес ҚМГ және оның еншілес және тәуелді ұйымдары орнықты даму қағидаттарына бейілділігін білдіреді және қоршаған ортаны қорғау мен қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуды өз қызметінің негізгі басымдықтарына жатқызады.
Компания суды басқару процестерін үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету, суды үнемдеу және айналымдағы сумен жабдықтау жобаларын енгізу, су тапшылығына байланысты тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша міндеттеме алды.
Су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыру, су алу мен су тұтынуды қысқарту, айналымдық сумен жабдықтауды және суды қайта пайдалануды ұлғайту, ластаушы заттардың төгінділерінің көлемін және ҚМГ қоршаған ортаға әсерін азайту жөніндегі іс-шаралар мен нысаналы көрсеткіштерді айқындау мақсатында 2023 жылы ҚМГ компаниялар тобында 10 жылдық кезеңге арналған су ресурстарын басқару бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді. Бағдарлама экожүйелерді сақтау үшін су ресурстарының тапшылығын болдырмау, экономиканың жоспарланған өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Компаниялар тобы бойынша су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселесін шешуге бағытталған. Бағдарламаның шекарасына ҚМГ негізгі операциялық ЕТҰ кірді, сондай-ақ ҚМГ инвестициялық жобалары бойынша талдау жүргізілді. Бағдарлама 2024 жылы бекітіледі деп күтілуде.
Бағдарлама шеңберінде Компаниялар тобы бойынша су ресурстарын басқаруды дамытудың 3 сценарийі айқындалды: базалық сценарий, жасыл даму сценарийі, қарқынды қысқарту сценарийі. Бағдарлама шеңберінде су ресурстарын басқару бойынша ҚМГ ЕТҰ даму сценарийлеріне ірілендірілген салыстырмалы талдау жүргізілді және суды үнемдеу мен сақтау бойынша барынша тиімділікке қол жеткізу бойынша ықтимал ұтымды нұсқалар ұсынылды.
Базалық сценарийге ЕТҰ бизнес-жоспарлары шеңберінде іске асырылатын немесе іске асырылуы жоспарланатын бекітілген бюджеті бар іс-шаралар енгізілген.
Жасыл даму сценарийінің іс-шараларына «базалық сценарий» іс-шаралары, сондай-ақ су тұтыну және су бұру жүйелеріне техникалық аудит жүргізу жөніндегі іс-шаралар: жабдықтың қалдық қызмет ету мерзімін және олардың пайдалануға жарамдылығын бағалау аудиті, айдау объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, буландырғыш тоғандардағы аудит; түпкілікті өнімнің су ізінің аудиті жатады.
Қарқынды қысқарту сценарийі – су тұтыну мен су бұру көлемінің қарқынды төмендеуін көздейтін, елеулі қаржылық салымдарды талап ететін қосымша іс-шараларды іске асыру, бұл дамудың ең қымбат сценарийі болып табылады. Бұл сценарий базалық сценарий мен жасыл даму сценарийінің іс-шараларын, сондай-ақ «судың нөлдік ағызылуына» қол жеткізуге мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді кейіннен енгізе отырып, базалық жобалауды жүргізу жөніндегі іс-шараларды, буландырғыш тоғандарда SMART өлшеу аспаптары-анализаторлар мен геомембрана жүйелерін орнатуды және т.б. қамтиды.
Бағдарлама даму сценарийлерін талдау негізінде Бағдарламада жоспарланған аудиттерді өткізгеннен кейін қарқынды қысқарту сценарийінің іс-шараларына біртіндеп ауыса отырып, іс-шаралар жоспарын толық көлемде орындай отырып, жасыл даму сценарийін іске асыру ұсынылады.
Сонымен қатар Бағдарлама аясында Компанияның су ізі талданды, су ресурстарын басқару саласындағы тәуекел санаттары және оларды азайту бойынша ұсыныстар айқындалды, қол жетімді үздік техникалар тақырыбы зерттелді және ұсынылған іс-шаралармен корреляция жүргізілді.
Бағдарламаға сәйкес су ресурстарын басқару тәсілін жетілдіру су ресурстарының сипатына, осы ресурстарға әртүрлі қажеттіліктерге және сумен жабдықтау мен сұраныс арасындағы динамикалық тепе-теңдікке үлкен сенімділікті қамтамасыз етеді. Ең бастысы, бұл қадамдар суды әртүрлі пайдалану үшін бағалауға және суды тиімді, әділ және тұрақты басқаруды арттыратын шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
ҚМГ СУ ҚАҒИДАТТАРЫ
Су – өмірдің негізі, тіршіліктің бастауы.
Таза тұщы судың молдығы мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, ал оған жауапты ұқыпты қарау – бизнестің табысы мен тұрақтылығын айқындайды. Бұл қағидаттар Компанияның бейілділігін білдіреді жəне біздің еліміздің қазіргі жəне болашақ ұрпақтарының адамдары, табиғаты мен əл-ауқаты үшін су ресурстарын қорғау ниетін көрсетеді.
Біз күнделікті қажеттіліктен бастап мұнай өндіру мен өңдеуге дейін суды үнемі пайдаланамыз. Бұл ретте біз əдепкі тірлігімізде судың қаншалықты маңызды екенін ұмытпауымыз керек. Компанияның əрбір қызметкері оны сақтауға үлес қосуы тиіс.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы

Су ресурстарын қорғау және суды ұтымды пайдалану
Компания су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға, тұщы су шығынын азайтуға, тазартылған ағынды суларды қайта өңдеу және қайта пайдалану көлемін арттыруға ұмтылады.
ҚМГ миссиясы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, Қазақстанның дамуы мен өркендеуі үшін болашақ ұрпаққа деген қамқорлықпен табиғи ресурстарды тиімді және ұтымды игеруді көздейді.
Су ресурстарын пайдалану бөлігіндегі ҚМГ-ның негізгі қағидаттары «сегіз су қағидаты» болып табылады. Бұл қағидаттар 2018 жылы бекітілген Су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандартта (бұдан әрі – Стандарт) көрсетілген. Стандарт ҚМГ ЕТҰ-да су ресурстарын басқару тәсілін жүйелейді, сондай-ақ Компания басшылары мен қызметкерлерінің тұщы суды сақтау мәселесіне бейілділігін арттыруға көмектеседі. Су ресурстарын басқару бағдарламасын бекіту қорытындысы бойынша ағымдағы жылы осы корпоративтік стандартты жаңарту күтілуде.
Компания өз қызметін халықаралық талаптарға, экологиялық және су заңнамасына толық сәйкестікте жүзеге асырады. Ластаушы заттарды төгу нормативтерінің жобаларын әзірлейді, Уәкілетті орган бекіткен әдіснамаларға сәйкес есептеулер жүргізеді, ластаушы заттарды төгу тәртібі бөлігінде әсер етуге экологиялық рұқсат алады, су пайдалануға арнайы рұқсат алады.

Су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, тұщы су шығыны көлемін қысқарту, тазартылған ақпа суларды тұрақты негізде айналымдық пайдалану мен қайта пайдалану көлемін арттыру мақсатында ҚМГ ЕТҰ-да мынадай іс-шаралар іске асырылуда және іске асыру жоспарлануда:
- тұрмыстық ақпа суларды механикалық, химиялық және биологиялық тазарту қондырғыларын жаңғырту, қайта жаңарту, ескі тазарту жабдықтарын қазіргі заманғы модульдік қондырғыларға ауыстыру;
- булану өрістерін қайта құру бойынша жұмыстарды жобалау;
- тазарту қондырғыларын қосымша технологиялармен (кері осмос) қайта жарақтандыру, бұл кейіннен бұл суды технологиялық қажеттіліктер үшін бу өндіру үшін пайдалануға мүмкіндік береді;
- таза ауыз судың ағып кетуін және технологиялық ысыраптарын азайту үшін ескі ауыз су құбырларын жаңаларына ауыстыру;
- TAZALYQ жобасы шеңберінде механикалық тазарту құрылыстарын (МТҚ) қайта құру, бұл бұдан әрі биологиялық тазарту блогына жіберілетін ағындардағы мұнай өнімдері мен өлшенген заттардың құрамы бойынша шекті жол берілетін төгінділер нормативтеріне қол жеткізе отырып, МТҚ өнімділігін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді;
- нормативтік тазартылған ақпа арнасын қайта құру және АМӨЗ булану өрістерін қалпына келтіру;
- TAZALYQ жобасы шеңберінде кері осмосты қолдана отырып, ақпа суларды толық тазарту қондырғысын салу;
- ПКОП тазарту құрылыстары жүйесін толық қайта құру және жаңғырту, кейіннен мұнай өнімдері мен өлшенген заттар бойынша өндірістік ақпа суларды тазарту тиімділігі 76-дан 98 %-ға дейін жақсарды, бұл қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту есебінен экологиялық жүктемені азайтты.
Қоғамның, акционерлердің, мүдделі мемлекеттік органдардың және басқа да тараптардың алдында экологиялық ақпараттың кең қолжетімділігін және Компанияның табиғатты қорғау қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету ҚМГ Экологиялық саясатының постулаттарының бірі болып табылады.
2020 жылдан бастап Компания өзінің су ізін есептейді және Су қауіпсіздігі сауалнамасы аясында Carbon Disclosure Project алаңында суды басқару туралы ақпаратты орналастырады.
2023 жылы жарияланған сауалнаманың қорытындысы бойынша 2022 жылы ҚМГ-ға CDP су қауіпсіздігі бойынша «С» бағасы берілді. Алайда Компания осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде осы рейтингті кезең-кезеңімен жақсартуды жоспарлап отыр.
Толығырақ ақпаратты ҚМГ-ның жарияланған есептерінен алуға болады, олар мына сілтеме бойынша ашық қолжетімді: CDP су қауіпсіздігі жөніндегі сауалнама.
ҚМГ қатысу өңірлерінде «Астрахань – Маңғышлақ су құбырын қайта жаңарту» және «Кендірліде теңіз суын тұщыландыру зауытын салу» сияқты сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруда.
2023 жылдың желтоқсанында «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту» жобасының бірінші кезегін іске асыру аяқталды. Жоба «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырының өткізу қабілетін арттыруға және Атырау мен Маңғыстау облыстарының халқын, ауыл шаруашылығы өндірушілерін, өнеркәсіптік және мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету үшін тозған жабдықтарды жаңартуға бағытталған.
«Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбыры – Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының тұтынушыларына, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарына су берудің жалғыз орталықтандырылған көзі болып табылады. Жыл сайын халықтың су тұтынуы 4-5 %-ға артады.
Сондай-ақ қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 Кендірліде теңіз суын тұщыландыру зауытының құрылысы басталды. Бұл жоба Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін ауыз су тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ туризмді, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға мультипликативтік әсер етеді. Құрылысты 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, ал зауыттың жобалық қуатқа шығуы – 2025 жылдың көктеміне жоспарланған.
Бұған дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ Қаражанбас кен орнында Маңғыстау облысында кен орнын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге арналған қабаттық суды тұщыландыру зауыты іске қосылған болатын.

Толық қуатқа шыққан кезде қабат суын өңдеу тәулігіне 42,5 мың м3 құрайды, бұл ретте тұщыландырылған су өндіру тәулігіне 17,0 мың м3 жетеді, бұл өңір халқының мұқтаждықтары үшін судың едәуір көлемін босатуға мүмкіндік береді. Осы жобаны іске асыруға байланысты 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚБМ-да тұщы су алу көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 млн м3-ке қысқарды.
Сондай-ақ Өзенмұнайгазда өндірістік қажеттіліктер үшін альбсеноман суының жерасты су алу ұңғымалары іске қосылды, осыған байланысты теңіз суын алу 25 %-ға қысқарды.
CASPI BITUM-да 2023 жылы өндірістік судың авариялық қоры үшін 2000 м3 ТБР резервуары салынды, осылайша өндірістік судың авариялық қорын 2000 м3-ке дейін ұлғайту есебінен зауытты сумен жабдықтаудың сенімділігі артты (ДГО құбырында оқыс оқиғалар болған жағдайда зауыт 3,5 тәулікке дейін жұмыс істейді). Жасыл желектерді суару үшін тазартылған ақаба суды қайта пайдалануды оңтайландыру жобасы енгізілуде. НК-2 Ду-400 желісін пайдалана отырып, битум зауытының КТҚ-на АТУ учаскесіне дейін тазартылған ақпа суды бұру бойынша жұмыстар орындалды.
ҚГМ бас кеңсесінде 2023 жылы терең био тазарту қондырғыларының блок-модулі ауыстырылды, бұл тазартылған сулардың 50 %-на дейін жасыл желектерді суару үшін қайта пайдалануға мүмкіндік береді.
ПҚОП тазарту құрылыстары жүйесін қайта құру және жаңғырту жүргізілді. Нәтижесінде мыналар пайдалануға берілді:
- қайта пайдалану үшін ақпа суларды алдын ала өңдеу құрылысы;
- ультрасүзгілеу және кері осмос жүйесі. Шығатын су ішінара ұңғымалардан алынған сумен араластырылғаннан кейін айналмалы суды салу үшін қоректендіру суы ретінде пайдаланылады;
- ақпа суларды алдын ала тазартудың қолданыстағы бөлігінің орнына жаңа «тік мұнай ұстағыш» секциялары және еріген ауамен флотациялауға арналған тік резервуар орнатылды;
- ақпа суларды алдын ала тазарту бөлімінде мұнай мен лайды кетіруге арналған автоматты құрылғыларды орнату қарастырылған;
- ақпа суларды алдын ала тазарту секциясының басында жағымсыз иісі бар газдарды жинауға және кейіннен оларды дезодорациялау жүйесіне тасымалдауға арналған қалпақшалар орнатылған;
- ақпа суларды терең тазарту қондырғысы.
ПҚОП-да тазарту құрылыстарын жаңғырту жөніндегі жұмыстардың аяқталуына байланысты мұнай өнімдері мен өлшенген заттар бойынша өндірістік ақпа суларды тазарту тиімділігі 76-дан 98 %-ға дейін жақсарды, бұл қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту есебінен экологиялық жүктемені азайтады.
Сумен қамтамасыз ету жобалары туралы ақпарат «Инвестициялық жобаларды іске асыру» бөлімінде де берілген.
Су ізі
ҚМГ компаниялар тобы бойынша су жинау 2023 жылы 80,44 млн м3 құрады, оның ішінде: жер үсті көздері – 35,40 млн м3, жер асты көздері – 21,02 млн м3, қалалық сумен жабдықтау жүйелері – 10,63 млн м3, теңіз – 13,29 млн м3, басқа кәсіпорындардың ақпа сулары – 0,1 млн м3. 1000 мг/л дейін минералдану санаты бойынша өндірістік қажеттіліктерге арналған су тұтыну көлемі 37,58 млн м3, ал 1000 мг/л немесе одан да көп минералдану санаты бойынша – 42,85 млн м3 құрады.
ҚМГ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ БОЙЫНША СУ АЛУ (Көздер бойынша бөліністе) мың м3

Бұл ретте, Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына тұщы техникалық су жеткізу қызметтерін көрсететін еншілес ұйымның көлемі су алудың 80,44 млн м3 көлеміне қосылғанын атап өтеміз, яғни ҚМГ-ның бұл көлемі өзінің шаруашылық-ауыз су және / немесе өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланбайды. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген көлемді есепке алмағанда, 2023 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша өз қажеттіліктеріне су тұтынудың жалпы көлемі 56,27 млн м3 құрады.
World Resource Institute (WRI) жүргізген және жариялаған зерттеулерге сәйкес, Қазақстан – су ресурстарын пайдаланудың сыни деңгейіне жатқызылған және алдағы 15-20 жылда су ресурстары стресінің өте жоғары деңгейі болжанады.
Компания сондай-ақ Каспий теңізі, Сырдария және Орал өзендерінің бассейндеріне жататын WRI Aqueduct су стресі көрсеткішіне сәйкес су тапшылығы жоғары өңірлерде орналасқан ҚМГ ЕТҰ-ның объектісіне талдау мен есепке алуды жүргізеді. Осы ұйымдардың су жинауының жалпы көлемі 27,32 млн м3 құрады.
1WRI Aqueduct бойынша: жоғары санат – жалпы су жүктемесі 40-80 %, өте жоғары санат – > 80 %.
Су тапшылығы жоғары өңірлерде ҚМГ тұщы суды аз пайдалану, айналымдағы суды ұлғайту және суды пайдалануды мұқият мониторингілеу үшін су ресурстарын басқару жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Бұл ретте өндірістік қызметтің су ресурстарына қажеттілігі технологиялық процестердің қажетті шарты болып табылатынын атап өтеміз.
2023 жылы ҚМГ компаниялар тобы 11,23 млн м3 ақпа су бөлді. Ақпа суларды тазарту қондырғыларында тазартқаннан кейін нормативті тазартылған су мамандандырылған қабылдағыштарға жіберіледі: сақтау тоғандары, булану өрістері және сүзу өрістері. Жер үсті су объектілеріне төгу және жергілікті жердің рельефі жоқ. Өз жинақтағыштары жоқ кәсіпорындар жасалған шарттарға сәйкес сарқындарды арнайы компанияларға тазарту және төгу үшін береді.
2023 ЖЫЛЫ ҚМГ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНДА ОПЕРАЦИЯЛАР ТҮРІ БОЙЫНША СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ

2023 ЖЫЛЫ МҰНАЙ ӨҢДЕУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР ТҮРІ БОЙЫНША СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ

Берілген ақпа сулардың жалпы көлемі 0,77 млн м3 (минералдануы 1000 мг/л-ден астам) құрады. 1000 мг/л дейін минералданған ақпа сулардың ағуы жоқ.
Бұл ретте су тапшылығы өңірлеріндегі кәсіпорындардың ақпа суларын ағызу 2,9 млн м3 құрады, оның ішінде өз қабылдағыштарына 2,86 млн м3 тасталды және мамандандырылған компанияларға (қабылдаушы объектілерге) – 0,04 млн м3 берілді.
Ақпа суларды ауыр ауыртпалық ретінде емес, судың, энергияның, қоректік заттардың және басқа да алынатын жанама өнімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырған жөн.
Біздің кәсіпорындардағы тазарту қондырғылары мұнай өнімдерімен және тоқтатылған заттармен ластанған ақпа суларды тазартуға арналған.
Мысалы, мұнай өңдеу зауытында ақпа сулар құм ұстағыштарда, мұнай ұстағыштарда, радиалды тұндырғыштар мен флотаторларда қатарынан механикалық және физика-химиялық бөлек тазартудан өтеді. Флотаторлардан кейінгі тазартылған өндірістік ақпа сулар биологиялық тазартуға жіберіледі.
Компанияның алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – тазартылған ақпа суларды технологиялық процеске қайтару, жасыл желектерді суару үшін пайдалану, салынып жатқан алаңдар мен жолдардағы шаңды басу арқылы қайта пайдалануды арттыру. Тазартудан кейінгі ақпа судың бір бөлігі көлікті жуу, шаңды басу және өртке қарсы жүйелерді толтыру үшін қайта пайдаланылады. Бұл ретте тазартылған ақпа судың айтарлықтай көлемі мұнай өңдеу зауыттарында ғана екінші рет пайдаланылады, онда 2023 жылы 4,28 млн м3 тазартылған ақпа су қайта пайдаланылған, негізінен бұл су айналымдық сумен жабдықтау блоктарын толықтыру үшін пайдаланылады. ҚМГ зауыттарында суды қайта пайдалану пайызы («Мұнай өңдеу» бағыты бойынша су жинау көлемінен) 25 % -ды құрайды.
2023 жылы ҚМГ МӨЗ айналымдағы сумен жабдықтау жүйелерінде барлығы 437,53 млн м3 пайдаланылды (айналымда).
ҚМГ МӨЗ-ДЕ АЙНАЛЫМДАҒЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ АЙНАЛҒАНЫ(Айналымдағы су көлемі, млн. м3)

ҚОЙНАУҚАТ ҚЫСЫМЫН ҰСТАП ТҰРУ ҮШІН ҚОЙНАУҚАТҚА АЙДАЛҒАНЫ (Өндірілген ілеспе-қабаттық су, млн. м3)


Мұнай өндіру барысында ілеспе-қабаттық сулар деп аталатын үлкен көлемдер пайда болады – жер бетіне су-мұнай эмульсиясы алынады, ол кейіннен су мен мұнайға гравитациялық әдіспен бөлінеді. Осылайша тұнған су қабатқа айдауға жіберіледі.
2023 жылы өндірілген 136,96 млн м3 ілеспе-қабаттық судың 97 %-ы қабаттық қысымды ұстап тұру үшін кері айдалды.
Компанияның қызметі ерекше экологиялық, шаруашылық, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар Қазақстанның батыс өңірінің су объектілеріне (Жайық, Қиғаш өзендері, Көкжиде құмдары) айтарлықтай әсер етеді.
Сезімтал экожүйелерге теріс әсердің алдын алу үшін бақылаушы органдар қоршаған ортаға тұрақты экологиялық мониторинг жүргізеді.
2023 ЖЫЛЫ БАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАР ТҮРІ БОЙЫНША СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ

- ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
- Біздің басқару тәсіліміз
- Cу ресурстарын басқару бағдарламасы
- Қоршаған ортаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Шикі газды ұтымды пайдалану
- Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
- Жұмыс алаңдарын жабу және қалпына келтіру
- Теңіз ұңғымаларын басқару
- Мұнай төгілуінің алдын алу және жою
- Биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау
- Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту
- Жоспарланған шаруашылық қызметті экологиялық бағалау
- Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл
- ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы