Біздің қауымдастықтар
ҚМГ өзі қатысатын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосады. Компания жергілікті басқару органдарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды және негізгі мүдделі тараптармен тұрақты үнқатысуды қолдайды, жас білікті мамандарды дамыту және даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізеді, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетеді, оффтейк-шарттарға қол қою арқылы отандық өндірушілерді қолдауға ұмтылады. ҚМГ кәсіпорындары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен Кешенді даму жоспары шеңберінде әлеуметтік маңызы бар объектілерді, спорт кешендерін салуды, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және т.б. қаржыландыруды жүзеге асырады.
ҚМГ еншілес ұйымдарының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда өндірістік қатысу өңірлерін дамытуға және халықтың мұқтаж топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге айтарлықтай ақшалай қаражат бөлу көзделген, сондай-ақ облыстардың әкімдіктерімен жасалған келісімдер мен меморандумдар негізінде ҚМГ ЕТҰ қаражатты жергілікті атқарушы органдарға аударады.
«Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 1,7 млрд теңге бөлді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау облысы Бесікті ауылында 280 орындық балабақша салуға 783 млн теңге бөлді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Маңғыстау әкімдігіне оның инфрақұрылымын әлеуметтік-экономикалық дамытуға 140 млн теңге аударды.
«Қаражанбасмұнай» АҚ – Маңғыстау облысының инфрақұрылымын дамытуға 230 млн теңге бөлді.
«Қазгермұнай» БК ЖШС Қызылорда облысында «350 адамға арналған оқушылар сарайы» кешен-ғимаратын салуға 2,3 млрд теңге бөлді.
Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 206 млн теңге, ал «Қазақтүрікмұнай» ЖШС 189 млн теңге, Маңғыстау облысының дамуына 85 млн теңге бөлді.
Демеушілік және қайырымдылық
Компанияның қайырымдылық және демеушілік қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы болып табылатын «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырылады.
Samruk-Kazyna Trust қайырымдылық қызметі адамдарға, әлеуметтік және медициналық сектордағы қауымдастықтарға көмек көрсетуге, медиа және мәдени қоғамдастықты дамытуға, адами әлеуетті дамытуға, еңбек қатынастарын, ұлтаралық қатынастарды нығайтуға, қоғамның орнықты дамуына инвестициялар салуға, өңірлік бизнес-бастамаларды қолдауға бағытталған.
2023 жылғы бюджетте Samruk-Kazyna Trust жобалар портфелі жалпы сомасы 7,2 млрд теңгеге 46 жобаны құрайды, оның ішінде 4 жоба ҚМГ қажеттіліктері ескеріле отырып іске асырылды:
- «IQanat білім беру қоры» қоғамдық қоры – 300 млн теңгеге «IQanat-Жарқын болашақ» жобасы, Жаңаөзен қаласы мектептерінің 50 оқушысы IQanat High School Burabai-да оқуға арналған білім гранттарының иегерлері атанды;
- «Bilim Foundation» ҚҚ – 378,3 млн теңге сомасына «Жарқын болашақ» жобасы – Жаңаөзен қаласының 177 оқушысы бүкіл ел бойынша колледждерде оқуға білім беру гранттарының иегерлері атанды, жобаның 2 түлегі жұмысқа орналастырылды;
- «Маңғыстау» жергілікті бастамалар орталығы» ҚҚ– «Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының дәрігерлік амбулаториясының материалдық-техникалық базасын 36,5 млн теңге сомаға рентген аппаратын сатып алу арқылы нығайту» жобасы;
- Маңғыстау облысының екі елді мекенінде: Жетібай мен Жаңаөзенде 2022–2023 жылдар кезеңінде 1 млрд теңге сомаға 21 балалар спорт алаңының құрылысы жүзеге асырылды.

Сондай-ақ ҚМГ-ның еншілес кәсіпорындары: «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «Қазгермұнай» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Петроқазақстанойл Продактс» ЖШС – Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Павлодар облыстарының әртүрлі жергілікті қоғамдастықтарына 1,1 млрд теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетті.
Жалпы корпоративтік іс-шаралар
ҚМГ компаниялар тобында жыл сайын ҚМГ тобының еңбек ұжымдарын шоғырландыру үшін корпоративтік іс-шаралар өткізіледі. Салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіби шеберлікті арттыру мақсатында Спартакиада және «Үздік маман» сияқты іс-шаралар өткізіледі.
Ақтау қаласында 2023 жылы ҚМГ ЕТҰ арасында Спартакиада өтті. Бұл жолы дәстүрлі жыл сайынғы іс-шара «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 60 жылдығына арналды. 2023 жылғы 10-14 шілде аралығында өткен жарыстарға ҚМГ 20 ЕТҰ-дан 500-ден астам қызметкер қатысты. Біріншіден, олардың барлығы 8 топта іріктеу кезеңінен өтті, оған ҚМГ 30-дан астам ЕТҰ-дан 3 000-ға жуық қызметкер қатысты. Мұнайшылар спорттың 11 түрінен: мини-футбол, волейбол, футбол, шахмат, үстел теннисі, жүзу, армреслинг, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, киберспорт бойынша марапаттар жиынтығын ойнатты. Сондай-ақ 2023 жылғы 18-20 тамыз аралығында Астанада Қордың 15 жылдығына орай «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындарының қызметкерлері арасында VIII спартакиаданың суперфиналы өтті. 11 спорт түрінен ауқымды жарыстар өтті. 845 қатысушы жеке және командалық спорт түрлерінде өз компанияларының намысын қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орын ҚМГ-ға берілді. Айта кетейік, екінші жыл қатарынан «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары арасында спартакиаданың суперкубогі ҚМГ-ға беріліп отыр. «Бір команда – бір мақсат!» слоганы ұжым ішіндегі корпоративтік мәдениет пен байланыстарды нығайтуға ықпал ететін осы іс-шараның негізгі идеясын көрсетеді, барлық қатысушыларды жоғары нәтижеге жету үшін бірігуге шақырады. ҚМГ тобындағы ЕТҰ-ның көпшілігінде қызметкерлердің жаппай спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасалған (залдарды жалға алу, кәсіпшілікте спорт залдарының болуы және т.б.), бұл қызметкерлердің спортпен шұғылдануға кеңінен тартылуын қамтамасыз етеді. Цех ішіндегі және цех аралық спорттық жарыстар тұрақты негізде өткізіледі.

«Мамандығы бойынша үздік» байқауы
Жыл сайын еншілес кәсіпорындардың қызметкерлері арасында «Үздік маман» конкурсы өткізіледі. Байқау 2023 жылы 13-17 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік базасында 17 жұмысшы мамандығы бойынша ұйымдастырылды:
- мұнай және газ өндіру операторы
- ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор
- қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор
- мұнай дайындау жөніндегі оператор
- ҰКЖ бригадасы
- ҰЖАЖ бригадасы
- технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі слесарь
- электр газбен дәнекерлеуші
- электромонтер
- химиялық талдау зертханашысы
- технологиялық қондырғылар операторы
- компрессорлық қондырғылардың машинисі
- технологиялық сорғылардың машинисі
- токарь
- автомобиль жүргізушісі
- ОА-320 моторист-машинисі
- Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь
Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең ҚМГ ЕТҰ деңгейінде өткізілді, оған ҚМГ ЕТҰ-ның 2470 қызметкері қатысты. Конкурстың екінші кезеңіне ҚМГ деңгейінде жүлделі бірінші орын алған ҚМГ-ның 19 ЕТҰ-дан бірінші кезең жеңімпаздары атанған 157 адам жіберілді. Байқаудың теориялық бөлімінде сайыскерлер «Samruk Business Academy» жеке мекемесі ұйымдастырған онлайн-тестілеуден өтті. Конкурстың практикалық бөлігінде конкурсқа қатысушылар Қаражанбас кен орнының конкурстық алаңдарында әр мамандық бойынша бақ сынасты. Байқаудың салтанатты жабылуы Rixos Water World-да өтті, ҚМГ байқауының жеңімпаздарына «Үздік маман» медальдары, дипломдар табысталды, ҚМГ ЕТҰ қызметкерлерінің күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Қазгермұнай» БК ЖШС өкілі «Самұрық-Қазына» АҚ «Үздік маман-2023» байқауының үздігі атанды.
Сонымен қатар 2023 жылы «ПМХЗ» ЖШС өкілдері «Технологиялық қондырғылардың операторы» және «Компрессорлық қондырғылардың машинисі» номинациялары бойынша «Газпромнефть» ЖАҚ шақыруы бойынша 2023 жылғы 28-30 тамызда «Газпромнефть – ОНПЗ» АҚ базасында Омбы қаласында өткен «Мамандық бойынша үздік-2023» конкурсына қатысты. Жарысқа түрлі компаниялардың өкілдері қатысты: «Газпромнефть-ОНПЗ» АҚ, «Славнефть-ЯНОС» жақ, «Газпромнефть-МНПЗ» АҚ, NIS, «Полиом» ЖШҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «СИБУР» АҚ және т.б. Конкурс әртүрлі тапсырмаларды орындаудан тұрды: кәсіп бойынша тестілеу, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, компьютерлік тренажер кешендерінде практикалық кейсті орындау, газ қауіпті жұмыстарды орындау, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тапсырма, кәсіп бойынша практикалық міндеттерді шешу және өрт эстафетасы. Командалардың өкілдері жұппен өнер көрсетті, бірақ бұл ретте ұпайлар жеке есепке алынды. Осы конкурсқа қатысу тәжірибесінің болмауына қарамастан, біздің өкілдеріміз өте жоғары біліктілік көрсетті, қарсыластарынан сәл төмен түсіп, ұсынылған әрбір номинация бойынша төртінші орынға ие болды.
Сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылғы тамызда «Транснефть» ЖАҚ, «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ жетекші мамандықтар жұмысшылары арасында «Мамандығы бойынша үздік» атағына арналған халықаралық кәсіби шеберлік конкурсына қатысты: тауар операторы; желілік құбыржолшы; электр газ дәнекерлеуші; химиялық талдау зертханашысы; технологиялық жабдықтарды (технологиялық қондырғыларды) жөндеу жөніндегі слесарь; бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь; электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер; МАС операторы.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да корпоративтік мәдениетті дамыту
2023 жылы Компанияда корпоративтік мәдениетті жаңарту және дамыту бойынша жұмыс басталды. Корпоративтік мәдениеттің диагностикасы 3 әдіспен жүргізілді: онлайн-сауалнама, топ-менеджментпен терең сұхбат, фокус-топтық пікірталастар. Скрининг қорытындысы бойынша мәдениеттің ағымдағы және мақсатты бейіні айқындалды, қызметкерлердің тартылуы, Компанияның және оның құндылықтарына адалдығы бағаланды, бизнес-процестерді жақсарту бойынша кері байланыс жиналды. Алынған мәліметтер мен қызметкерлердің кері байланысы негізінде корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша ұсыныстар және ағымдағы жылдан қажетті мәдениет бейініне көшу бойынша 2023–2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Компания ішінде кері байланысты жолға қою мақсатында Компанияның стратегиясын іске асыру және корпоративтік мәдениетін дамыту мәселелері бойынша корпоративтік орталық қызметкерлерімен басшылықтың кездесуі өткізілді, ұйымдық ортаға өзгерістер енгізу және қолайлы жұмыс жағдайларын жасау, Компания ішінде ішкі коммуникацияларды жолға қою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәдениетті іске асыру мәселелері бойынша топ-менеджментпен стратегиялық сессия, сондай-ақ Компания құндылықтарын әзірлеу бойынша стратегиялық сессиялар сериясы өткізілді. Оның нәтижелері бойынша 4 құндылық ұсынылды (қауіпсіздік, тиімділік, жауапкершілік, команда) – Компания басшылығымен келісу сатысында. Осы бастамалардың барлығы қызметкерлердің Компания мәселелеріне қатысуын және Қазмұнайгаздың стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі тиімділігін арттыруға бағытталған. 2024 жылы Компания құндылықтары мен мінез-құлық үлгілерін таныту бойынша жұмыс, сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ-да корпоративтік мәдениетті дамыту бойынша пилоттық жоба жоспарланған.