Энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеу
Күкіртсіздендірудің негізгі шаралары стационарлық жану көздерінің энергия тиімділігін арттыру, газды алаулатып жағуды азайту және метанның жылыстауын бақылау бойынша жұмыстарды күшейту іс-шаралары арқылы және көлік құралдарының шығарындыларын азайтуға бағытталған іс-шаралар тобы арқылы тікелей шығарындыларды (Scope 1) азайтуға бағытталған.
Жанама шығарындыларды азайту (Scope 2) энергия тиімділігін арттыру, «таза» энергия көздерінен энергия тұтынуды арттыру арқылы жүзеге асырылады.
Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия тиімділігін арттыру
Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі «Энергетикалық менеджмент жүйесі» ISO 50001 халықаралық стандартының әдіснамасына негізделеді, ол осы қызметте жүйелі басқару бойынша ең үздік жалпы танылған халықаралық тәжірибе болып табылады.
ҚМГ Энергетикалық саясаты
ҚМГ 2022–2031 жылдар кезеңіне арналған ҚМГ төмен көміртекті даму бағдарламасын орындау шеңберінде 2022 жылғы желтоқсанда ҚМГ Корпоративтік энергетикалық саясаты (бұдан әрі – Саясат) әзірленіп, бекітілді, ол ҚМГ-ның барлық еншілес тәуелді ұйымдарына, сондай-ақ мердігер ұйымдарға қолданылады, Саясатпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.kmg.kz/ru/sustainable-development/corporate-governance/corporate-documents/
Саясат энергияны тұтыну тұрғысынан тиімді сатып алулар мен жобалау қызметіне қолдау көрсетеді, энергетикалық менеджмент бөлігіндегі жауапкершілікті айқындайды және экономикалық орындылыққа бағдарлана отырып, энергия үнемдеуге және энергетикалық тиімділікті арттыруға бағытталған ең үздік қолжетімді техникаларды, халықаралық практикаларды, стандарттар мен әкімшілік шешімдерді енгізеді және 2022–2031 жылдарға арналған ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылып, мақсаттар мен энергетикалық міндеттерді белгілеу мен талдауға негіз жасайды.
Энергия ресурстарын тұтыну
Ұйымның энергетикалық ресурстарын тұтыну
2023 жылы барлығы 124,1 млн ГДж (4 088 мың ш.о.т.) отын-энергетикалық ресурстар тұтынылды (2022 жылмен салыстырғанда 6 %-ға аз, энергия ресурстарын тұтынудың төмендеуі табиғи газ бен ІМГ тұтынудың төмендеуімен байланысты), оның ішінде электр энергиясы – 12,9 млн ГДж, жылу энергиясы – 4,0 млн ГДж, мотор отыны – 1,6 млн ГДж және қазандық-пеш отыны – 105,8 млн ГДж (бұл ретте мұнай зауыты газы – 24 %, табиғи газ – 22 %, бензин газы – 15 % және қазандық-пеш отыны – энергия ресурстарын жалпы тұтынудың 12 %-ды құрайды).
Энергия тұтыну көлемі «Мұнай және газ өндіру», «Мұнай тасымалдау» және «Мұнай және газ өңдеу» деген үш бизнес-бағыт арасында бөлінген.
2023 жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша өндірілетін меншікті энергия көлемі 740 000 мың кВт электр энергиясын және 3 988 мың Гкал жылу энергиясын құрады.
Жаңартылатын көздерден энергия тұтыну
2023 жылы ЖЭК қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес, АМӨЗ «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-дан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген өз қажеттіліктеріне 3741 мың кВт көлемінде электр энергиясын сатып алды. 2023 жылы «ПКОП» ЖШС және «CASPI Bitum» БК ЖШС күн панельдерімен аумақтағы көшелерді жарықтандыру үшін электр энергиясын өндіру 101 мың кВт сағатты құрады.
Энергия тиімділігі және энергия мен ресурс үнемдеу жөніндегі шаралардың сипаттамасы
ҚМГ компаниялар тобының энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ меншікті генерациялау көздерін, оның ішінде ІМГ-ны пайдалана отырып дамыту.
Ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша 8 іс-шара, сондай-ақ отын-энергетикалық ресурстарының есептік жылдық үнемделуі 22 289 т.ш.о. (716,6 мың ГДж) (2023 қорытындысы бойынша энергияның жиынтық тұтынуының 0,6 %) құраған 52 ТКДБ іс-шарасы іске асырылды, бұл шығарындыларды 45 054 тонна СО2-ге төмендетуге баламалы. Энергияны үнемдеудің ең үлкен әсеріне табиғи газ (69 %) және басқа отын ресурстары (мұнай зауыты газы, мазут – 17 %, жылу және электр энергиясы – 14 %) бойынша қол жеткізілді.
Заттай көріністегі әсері – 13 287 мың кВт электр энергиясы, 10 776 Гкал жылу энергиясы, 2 489 т қазандық-пеш отыны және 13 149 мың м3 табиғи газ. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі іс-шараларды іске асырудың жалпы шығындары 3 509 млн теңгені құрады.
ЕТҰ-ға бюджетті оңтайландыруға және тендерлік сатып алуды кеш өткізу мерзімдеріне байланысты Төмен көміртекті даму бағдарламасы бойынша 22 іс-шара іске асырылмаған. Бұл іс-шаралар 2024 жылы іске асырылатын болады.
Энергетикалық ресурстарды тұтынудың нақты көрсеткіштері
2023 жылы көмірсутектерді өндіру бағыты бойынша үлестік энергия тұтыну ҚМГ компаниялар тобы бойынша өндірілген КСШ тоннасына шаққанда 2,7 ГДж құрады, бұл IOGP Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының көрсеткішінен 80 %-ға жоғары, ол 2022 жылы өндірілген көмірсутектердің тоннасына шаққанда 1,5 ГДж құрады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша орташа мән ӨМГ және ҚБМ жоғары үлестік тұтыну есебінен қатты бұрмалануға байланысты репрезентативті болып табылмайды. Қаражанбас кен орнында мұнайды жерасты қабаттарынан бумен және ыстық сумен ығыстыру арқылы ғана өндіруге болатындықтан, IOGP деректері бойынша бір тонна ҚБМ көмірсутек өндіруге жұмсалатын энергия ресурстарының үлестік шығындары орташа әлемдік мәндерден 6 есе көп. Бұл еріген парафиндердің көп болуына және өндірілетін мұнайдың реологиялық қасиеттеріне байланысты, осының нәтижесінде мұнай өндіру мен тасымалдау барысында оны тек қыста ғана емес, жазда да жылыту қажет.
ҮЛЕСТІК ТҰТЫНУ(ГДж\тонна КСШ)

ОТЫН ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЭНЕРГИЯ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТҰТЫНЫЛУЫ(%)

БИЗНЕС-БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЭНЕРГИЯ РЕСУРСТАРЫН ТҰТЫНУ(%)

ОЭР ТҰТЫНЫЛУЫ(млн. ГДж)

Ұйымнан тыс энергия тұтыну
Қазіргі уақытта біз ұйымның ішінде ғана энергетикалық ресурстарды тұтынуды есепке аламыз, осыған байланысты ұйымнан тыс энергия тұтыну осы Есепте көрсетілмеген.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару регламенті
2023 жылғы 20 желтоқсанда ҚМГ Басқармасының шешімімен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару регламенті бекітілді. Регламент энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару шеңберінде ҚМГ компаниялар тобы бөлімшелері мен қызметкерлерінің өзара іс-қимыл тәртібін, өкілеттіктерінің, міндеттері мен жауапкершілігінің көлемін айқындайды, ол мынадай процестерден тұрады:
- заңнамалық талаптарды басқару;
- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды жоспарлау;
- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару жүйесін құру / оңтайландыру;
- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстар мен іс-шаралардың нәтижелілігі мен тиімділігін талдау.
«Энергия үнемдеу, ЖЭК және төмен көміртекті даму» тақырыбындағы онлайн- семинар
2023 жылы кәсіби мереке қарсаңында 11 қарашада атап өтілетін Халықаралық энергия үнемдеу күні қарсаңында ҚМГ төмен көміртекті даму департаменті «Energy Partner» ЖШС-мен бірлесіп ҚМГ ЕТҰ-ның қатысуымен «Энергия үнемдеу, ЖЭК және төмен көміртекті даму» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында шақырылған дәріскерлер бүгінгі таңда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы даму перспективаларына қатысты өзекті тақырыптарды атап өтті. Бұл семинар атқаратын лауазымы мен кәсіби міндеттеріне қарамастан, ҚМГ ҰК АҚ-ның барлық қызметкерлерінде энергия үнемдеу және төмен көміртекті даму, энергия үнемдеу тұрғысынау ойлауды қалыптастыру саласындағы өзекті бағыттар туралы пікірталас алаңын ұсынды.
Электр энергиясының көтерме сауда нарығын реформалау
2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу-сатуды (бірыңғай сатып алушының тетігі) және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын нақты уақыт режимінде енгізу арқылы электр энергиясының көтерме сауда нарығы (ЭКН) реформаланды.
Жаңа тетік шеңберінде ел бойынша ЭКН барлық тұтынушылары үшін электр энергиясына бірдей тариф белгіленеді, сондай-ақ ЭКН субъектілері жіберілген теңгерімсіздіктер үшін қаржылық жауаптылықта болады.
ҚМГ ЕТҰ бірқатары қазірдің өзінде электр энергиясының көтерме нарығында жұмыс істейді.
«ЕМГ» АҚ, «ӨМГ» АҚ, «ММГ» АҚ, «ҚБМ» АҚ мұнай өндіруші компанияларының технологиялық пештері мен қазандық жабдықтарының нысаналы энергия аудиті
2023 жылы технологиялық пештер мен қазандық жабдықтарының нақты жай-күйін, сондай-ақ қазандық-пеш отынын нақты тұтынуды бағалау және отын ресурстарын тұтынуды азайтудың қосымша әлеуетін айқындау мақсатында «ММГ» АҚ, «ӨМГ» АҚ, «ЕМГ» АҚ, «ҚБМ» АҚ қазандықтарының технологиялық пештері мен қазандық жабдықтарының нысаналы аудиті орындалды. Нысаналы энергия аудитінің қорытындысы бойынша жалпы энергия үнемдеу әлеуеті 56 667 тонна болатын 23 іс-шара әзірленді, осы іс-шараларды енгізуден СО2 төмендеу әлеуеті 87 517 тонна СО2 құрады. Бұл ретте жалпы энергия үнемдеу әлеуеті 32 145 ш.о.т. және СО2-ні 42 874 тоннаға дейін төмендету әлеуеті бар экономикалық және техникалық тұрғыдан орынды ретінде 14 іс-шара мақұлданған. Жұмыс қорытындысы бойынша қазандық-пеш отынын тұтынуды азайту жөніндегі қосымша шаралар – зерттелетін ЕТҰ-лардың 2022–2031 жылдар кезеңіне арналған ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілетін болады.
2024 жылға жоспарланған жобалар:
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2060 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу
- Технологиялық пештер мен қазандық жабдықтарының нысаналы аудитінің қорытындылары бойынша ұсынылған іс-шараларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына имплементациялау
- Тұрақты авиациялық отын өндіру нарығын (SAF) зерделеу бойынша зерттеу жүргізу
- CO2 ұстау, пайдалану және сақтаудың «толық тізбегін» құру бойынша пилоттық жобаны іске асыру әлеуетін бағалау (2- кезең)
- Төмен көміртекті сутекті (ілеспе мұнай газынан/табиғи газдан, кен орындарында түзілетін кәдеге жаратылатын қабат және/немесе ақпа сулардан) өндіру мүмкіндігін талдау
- «Қазақстанда электромобильді көлікке арналған электр жанармай құю станцияларының инфрақұрылымын дамыту» жобасын іске асыру мүмкіндігін қарастыру
- ҚМГ компаниялар тобында метан менеджментін енгізуге бағытталған іс- шараларды өткізу
- Офсеттік жобаларды іске асыру