Есептің маңызды тақырыптары
Елеулі тақырыптар тізімі

Есептің маңызды тақырыптары экономикаға, қоршаған ортаға және адамдарға, соның ішінде адам құқықтарына Компанияның айтарлықтай әсері туралы және осы әсерді басқару тәсілдері туралы ақпаратты ашады. Маңызды тақырыптарды айқындау процесі тиісті мүдделі тараптардың қатысуымен әсерді үздіксіз анықтау мен бағалауға негізделген. Бұл ретте ЕҚЕҚОҚОДК мүшелері Орнықты даму туралы есепте ашылуы тиіс маңызды тақырыптар туралы хабардар етіледі.
Маңызды тақырыптарды бағалау және ашу үшін есепте Google Forms платформасы негізінде онлайн-сауалнама дайындалды, сыртқы және ішкі мүдделі тараптардың (стейкхолдерлердің) деректері талданды. Сауалнамаға 150-ден астам респондент қатысты.
Сауалнама нәтижесінде GRI 11: Oil and Gas Sector 2021 бойынша 20 салалық тақырыптардың ішінде 12 тақырып маңызды болып айқындалды. 2023 жылғы Орнықты даму туралы есепте барлығы 19 GRI стандарттары ашылды.
2022 жылғы Есепте 22 GRI стандарттары ашылды: https://www.kmg.kz/ru/sustainable-development/.