Компанияның ОДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесі туралы
ҚМГ-ның орнықты даму мәселелеріне көзқарасы Компанияның мүдделері мен жоспарларының БҰҰ-ның негізгі қағидаттарымен, жалпыадамзаттық құндылықтармен, жаһандық үрдістермен және Қазақстанның даму басымдықтарымен үйлесуіне негізделген. Компания БҰҰ-ның орнықты дамудағы барлық 17 мақсатын ұстанады. ҚМГ-ның стратегиялық мақсаттарын назарға ала отырып, Компания БҰҰ-ның басым 10 ОДМ және 24 міндетін айқындады.
Мақсаттар мен міндеттер ҚМГ-да жүзеге асырылатын стратегиялық және бизнес-бастамалармен ұштастырылады.
Олардың іске асырылуы Компанияның БҰҰ-ның орнықты дамудағы жаһандық мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесін айқындайды.
https://www.kmg.kz/ru/sustainable-development/un-global-compact/
ҚМГ-да орнықты даму мақсаттарын іске асыру
Басым міндеттер |
ҚМГ үлесі |
|
Саламатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста әл-ауқатты болуға ықпал ету |
||
3.6. Жол-көлік оқиғалары салдарынан қайтыс болғандар мен жарақаттар санын қысқарту |
«Сапарларды басқару» жобасы Көлік қауіпсіздігі деңгейін арттыру және қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2023–2025 жылдар аралығында ЕТҰ-ға «Сапарларды басқару» көлік құралдарын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жобасын кезең-кезеңімен тираждау жоспарланған, оның көбін ҚМГ компаниялар тобының автокөліктері құрайды. Нәтижесі Тираждау шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді:
Жол-көлік оқиғасы кезіндегі маңдайлық соқтығысу тренажері (конвинсер) ҚМГ ЕТҰ қызметкерлерінің ҚМГ компаниялар тобында қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында 3 «конвинсер» бірлігі (ҚТО, ӨМГ, ОТК) сатып алынды. Нәтижесі «ЖКО тоқтату» науқаны аясында 2023 жылы ҚМГ басқа ЕТҰ қызметкерлерін тартумен «конвинсердің» тәжірибелік демонстрациясы өткізілді, оған ҚМГ ЕТҰ-ның 7783 қызметкері қатысты. ЕТҰ-ның 1451 қызметкері, мердігерлік ұйымдардың 454 қызметкері RoSPA халықаралық стандарттарына сәйкес «Қорғаныштық жүргізу» (defensive driving) курсы бойынша оқудан өтті. |
|
3.8. Денсаулық сақтау қызметтерімен қамтуды, оның ішінде сапалы негізгі медициналық-санитарлық қызметтерге қол жеткізуді және қауіпсіз, тиімді, сапалы және арзан негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға қол жеткізуді қамтамасыз ету |
Қызметкерлерді сауықтыру бағдарламасы 2024–2028 жылдарға арналған персоналды сауықтыру бағдарламасы әзірленуде, оның негізгі бағыттары: созылмалы аурулары бар қызметкерлердің, өндірістік персоналдың жай-күйін бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе; созылмалы аурулар кезінде кешенді профилактика бағдарламаларын енгізу; ауысым алдындағы тексерудің инновациялық әдістері; персоналдың сырқаттанушылығын төмендету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту. Денсаулықты медициналық сақтандыру Қызметкерлерді медициналық тексерулер мен вакцинациялау тұрақты негізде жүргізіледі. Нәтижесі ҚМГ қызметкерлерінің 100 %-ы денсаулықты сақтандыру бағдарламасымен қамтылған. |
|
3.9. Қауіпті химиялық заттар мен ластанудың, ауаның, судың және топырақтың улануының салдарынан болатын өлім мен аурудың санын едәуір азайту |
Көшбасшылық бастамалары Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау бойынша қызметкерлердің көшбасшылығы мен міндеттемелері кодексі енгізіліп, іске асырылуда. «Қорғау» картасы Қауіпті жағдайды/ қауіпті мінез-құлықты/ қауіпті әрекетті/ қауіпті факторды анықтауға және хабарлауға бағытталған бағдарлама іске асырылады. |
|
Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту |
||
5.1. Барлық әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою
|
ҚМГ ҚР еңбек заңнамасының талаптарын қатаң орындайды және оның нормаларын бұзбайды, яғни ешкім еңбек құқықтарын іске асыру кезінде тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатысы, сенімдері, тұрғылықты жері, жасы немесе жеке кемшіліктері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығы бойынша ешқандай кемсітушіліктерге ұшырамауы тиіс. Жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық рәсімдерде жынысы, жасы немесе өзге де белгілері бойынша шектеулер жоқ. Барлығы үшін бірыңғай еңбекақы және әлеуметтік қолдаудың бірдей шарттары белгіленеді. |
|
5.5. Әйелдердің жан-жақты және нақты қатысуын және олар үшін саяси, экономикалық және қоғамдық өмірде шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде көшбасшылық үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету |
ҚМГ компаниялар тобындағы Директорлар кеңесі мен Байқаушы кеңестері құрамындағы әйелдердің үлесін 2023 жылғы желтоқсанға қарай 20 %-ға, 2030 жылға қарай 30 %-ға дейін арттыру. «БҰҰ-әйелдер» құрылымы мен БҰҰ Жаһандық келісімі құрған WEP’s бастамасын ілгерілету. WEP’s (Әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары) халықаралық еңбек және адам құқықтары стандарттарына негізделген және іскер топтардың гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге мүдделі екенін және олар үшін жауап беретінін мойындайды. Осы бастама аясында мыналар жоспарлануда:
|
|
Арзан, сенімді, орнықты және заманауи энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету Өндірістің энергия тиімділігін арттыру Қол жетімді таза энергия үлесін арттыру |
||
7.1. Арзан, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету |
Топтың энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықты жаңғырту, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, жылу энергиясын өндіру мен тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ меншікті генерациялау көздерін, оның ішінде ЖЭК-ні пайдалана отырып дамыту. Біздің бастамаларымыз: 2031 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітіліп, қызметтің басым бағыттары айқындалды. Энергия тиімділігін арттыру бойынша:
Технологиялық пештер мен қазандық жабдықтарының нысаналы энергия аудиті ҚМГ (ӨМГ, ЕМГ, ММГ және ҚБМ) компаниялар тобының өндіру активтерінде пештер мен қазандық жабдықтарына технологиялық аудит жүргізілді. Жұмыс қорытындысы бойынша қазандық-пеш отынын тұтынуды азайту жөніндегі қосымша шаралар – зерттелетін ЕТҰ-лардың 2022–2031 жылдар кезеңіне арналған ҚМГ Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына енгізілетін болады. Нәтижесі Ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша 8 іс-шара, сондай-ақ отын-энергетикалық ресурстарының есептік жылдық үнемделуі 22 289 мың тоннаны (716,6 мың ГДж) (2023 қорытындысы бойынша энергияның жиынтық тұтынуының 0,6 %) құраған 52 ТКДБ іс-шарасы іске асырылды, бұл шығарындыларды 45 054 тонна СО2-ге төмендетуге баламалы. 2023 жылғы 20 желтоқсанда ҚМГ Басқармасының шешімімен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басқару регламенті бекітілді. Осы Регламент ҚМГ-ның 2022–2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру тетігі болып табылады және мақсаттар мен энергетикалық міндеттерді белгілеу және талдау үшін негіз құрайды. Тұрақты авиациялық отын өндірісі (SAF) 2023 жылғы қыркүйекте Air Astana-мен бірлесіп, Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен экологиялық таза авиаотын (SAF) нарығын техникалық-экономикалық зерттеу және Қазақстан Республикасындағы өндіріс перспективалары бойынша жұмыстар басталды. 2023 жылғы 23-24 қарашада жүргізілген зерттеуге қатысушылардың жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша Қазақстан үшін неғұрлым перспективалы SAF өндіру технологиялары бірлесіп айқындалды. Зерттеудің келесі кезеңдерінде ҚМГ үшін SAF өндірісінің орындылығын айқындау мақсатында SAF өндірісінің таңдалған технологияларын неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу, сондай-ақ тұрақты авиаотын (SAF) өндіру үшін ҚР нормативтік-құқықтық базасын зерделеу жоспарлануда. ТЭБ нәтижелері 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ұсынылатын болады. |
|
7.b. Заманауи және орнықты энергиямен жабдықтау үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту |
ЖЭК жобаларын дамыту: 1 ГВт ЖЭС – Total Eren-мен бірлесіп, 120 МВт гибридті электр станциясы – Eni-мен бірге; 2031 жылға қарай «жасыл» электр энергиясын кемінде 15 % мөлшерінде сатып алу; 2023 жылғы желтоқсанда ЖЭК генерациялау көздерінен электр энергиясын тұтынуды растау үшін 10 000 бірлік мөлшерінде I-REC жасыл сертификаттарын сатып алу жүзеге асырылды. Нәтижесі 2031 жыл: 15 % – ҚМГ электр тұтыну балансындағы ЖЭК үлесі; кемінде 300 МВт ЖЭК жобаларын іске асыру; Қазақстанда сутегі энергетикасын дамыту; ЕТҰ-ны энергоменеджмент қызметтерімен 100 % қамту. Қосымша ақпарат «Төмен көміртекті даму бағдарламасы» бөлімінде берілген. |
|
Үдемелі, толық қамтылған және орнықты экономикалық өсуге, толық және нәтижелі жұмыспен қамтуға және лайықты жұмысқа жәрдемдесу |
||
8.5. Әйелдер мен ерлер, соның ішінде жастар мен мүгедектер үшін толық және нәтижелі жұмыспен және лайықты еңбекпен және бірдей еңбекақымен қамтамасыз ету |
ҚМГ 49 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, оның ішінде 81 % ерлер мен 19 % әйелдер. |
|
8.6. Жұмыс істемейтін, оқымайтын және кәсіби дағдыларды игермейтін жастардың үлесін айтарлықтай азайту |
ҚМГ компаниялар тобында өндірісте жас мамандарды тарту және дамыту бағдарламалары іске асырылуда. Нәтижесі Жас маман – АМӨЗ және ПМХЗ-ға жас мамандарды тарту және дамыту бағдарламасы. 2022 жылдан 2023 жылға дейін АМӨЗ-де оқып, жұмыс істейтін 31 адам бар, оның ішінде 7 адам жұмысқа орналастырылды, ПМХЗ-ға 1 адам жұмысқа орналастырылды. Дуальды оқыту – ҚМГ компаниялар тобына оқытуды, тағылымдамадан өтуді және одан әрі жұмысқа орналастыруды қамтитын бағдарлама. Мәселен, 2022–2023 жылдар аралығында ЕМГ-ге осы бағдарлама бойынша оқитын 99 адамның 4-уі жұмысқа орналастырылды; АМӨЗ-ге 62 адамның 17-сі жұмысқа орналастырылды; ПМХЗ-ға 53 адамның 36-сы жұмысқа орналастырылды. «Тағылымгер» – бағдарлама үш мамандық бойынша басталды – технологиялық қондырғылардың операторы, технологиялық сорғылар мен компрессорлардың машинисі, БӨАжА аспапшысы. Тағылымдамадан өтушілер оқып, АМӨЗ-де өндірістік тағылымдамадан өтеді. 2022–2023 жылдар аралығында осы бағдарлама бойынша 60 адам оқиды, оның ішінде 29 адам жұмысқа орналастырылды. |
|
8.8. Еңбек құқықтарын қорғау және барлық жұмысшылар үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу |
ҚМГ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің ішкі актілеріне сәйкес ұсынылады. ҚМГ компаниялар тобында ұжымдық шарттар 24 кәсіпорында жұмыс істейді. Кәсіпорындардың әлеуметтік топтамасы әлеуметтік жеңілдіктердің 50-ден астам түрін қарастырады, бүгінгі таңда ұжымдық шарттар мен актілердің барлық талаптары ҚМГ-ның барлық кәсіпорындарында толық көлемде сақталады. |
|
Тұрақты инфрақұрылым құру, орнықты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу |
||
9.1. Адамдардың экономикалық дамуы мен әл-ауқатын қолдау мақсатында өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, орнықты және тұрақты инфрақұрылымды негіздеу |
ҚМГ Цифрлық трансформациялау бағдарламасы ғылыми зерттеулерді кеңейтуге, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық мүмкіндіктерін жетілдіруге ықпал етеді. ҚМГ ғылыми зерттеулерге және осы саладағы жергілікті әлеуетті арттыруға қомақты қаражат салады. Өнеркәсіптік әртараптандыруды қамтамасыз ету үшін отандық технологиялық қуаттарды дамыту елдегі климаттық жағдайға да оң әсерін тигізеді. «ABAI АЖ әзірлеу» жобасы ҚМГ тобының барлық өндірістік ақпаратын Big Data платформасындағы бірыңғай деректер базасында орталықтандыруды, сондай-ақ оны жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдана отырып өңдеу мен талдауды көздейді. ABAI ақпараттық жүйесі – әрқайсысы нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған 17 дербес модуль. Нәтижесі 6 ABAI модулі енгізілді («Деректер базасы», «Картақұрушы», «Тереңдік-сорғы жабдықтарын іріктеу», «Геологиялық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін іріктеу және талдау», «Технологиялық режим», «Өндіруді жоспарлау және мониторинг»). Қол жеткізілген әсерлер:
|
|
9.4. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық таза технологиялар мен өндірістік процестерді кеңінен қолдану арқылы оларды орнықты ете отырып, инфрақұрылымды жаңарту және өнеркәсіптік кәсіпорындарды қайта жабдықтау |
2031 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму бағдарламасы бекітілді, энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметтің басым бағыттары айқындалды: энергия менеджментін оңтайландыру және энергия менеджменті қызметтерін құру, ОЭР есепке алу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу, нақты ЕТҰ активтерінде серпінді жобалардың қолданылуын айқындау, үздік қолжетімді техникаларды (ҮҚТ) енгізу, механикалық қорды жаңғыртуды, көлік техникасының құрамын оңтайландыру мен жаңғыртуды жүзеге асыру. Нәтижесі 2031: ЕТҰ-ны энергоменеджмент қызметтерімен 100 % қамту; энергия сыйымдылығының 2019 жылғы деңгейден 10 %-ға төмендеуі. |
|
Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық орнықтылығын қамтамасыз ету |
||
11.2. 2030 жылға қарай жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, атап айтқанда, осал жағдайдағы адамдардың, әйелдердің, балалардың, мүгедектердің және қарттардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, қоғамдық көлікті пайдалануды кеңейту негізінде барлығының қауіпсіз, арзан, қолжетімді және экологиялық тұрақты көлік жүйелерін пайдалана алуын қамтамасыз ету |
ҚМГ қосымша декарбонизация шараларын іске асыру бойынша жұмыс істейді, оның ішінде электр жанармай құю станциялары бойынша, енгізу бойынша пилоттық жобаларды іске қосу көміртекті ұстау, сақтау және пайдалану технологиялары (CCS), іске асыру орман-климаттық жобалар және т.б. 2023 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму стратегиясы қабылданды. Көлік секторын күкіртсіздендірудің перспективалы бағыттарының бірі электромобильдерді дамытуды көздейді. Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» АҚ Төмен көміртекті даму тұжырымдамасы шеңберінде барлық портфельдік компаниялардың алдына бензин көлігін біртіндеп электр көлігіне ауыстыру мақсаты қойылды. Үкімет климаттық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін корпоративтік сектордың бастамаларын қоса алғанда, ынтымақтастықтың барлық нысандарын құптайды, ҚМГ Қазақстанда электромобильдер үшін зарядтау инфрақұрылымын дамыту жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылуда. |
|
11.6. 2030 жылға қарай қалалардың жан басына шаққандағы теріс экологиялық әсерін азайту, оның ішінде ауа сапасына және қалалық және басқа да қалдықтарды жоюға ерекше назар аудару арқылы азайту |
Қоршаған ортаға теріс әсерді кезең-кезеңімен төмендетуге бағытталған ең үздік қолжетімді әдістерді енгізу Қазақстанда ластаушы заттар шығарындылары бойынша 50 ірі ластаушылардың қатарына кіретін ҚМГ-ның бірқатар компаниялары 2024 жылы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен кейіннен кешенді экологиялық рұқсат ала отырып, ұлттық салалық ҮҚТ анықтамалықтары негізінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын әзірлеуге ниетті. Ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі бағдарламасын әзірлеу ҚМГ компаниялар тобы бойынша ластаушы заттардың шығарындыларын төмендету мақсатында қоршаған ортаға ЛЗ шығарындыларын азайту бағдарламасын әзірлеу және нысаналы көрсеткіштерді белгілеу жоспарлануда. Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ-ні тұрақты алаулатып жағуды толық тоқтату» бастамасын іске асыру ҚМГ Дүниежүзілік Банктің 2030 жылға қарай ілеспе мұнай газын тұрақты жағуды толық тоқтату жөніндегі бастамасының қатысушысы болып табылады. Жоғарыда аталған бастаманы іске асыру шеңберінде Компания 2030 жылға қарай газды тұрақты алаулатып жағуды толық тоқтатуға бағытталған ҚМГ шығарындыларын басқару жөніндегі саясатты басшылыққа алады. «Жасыл белдеу» құру – көгалдандыру жобалары АМӨЗ 2023 жылғы 5 маусымда экологиялық конференция барысында Атырау облысының әкімдігі мен ҚМГ арасында қол қойылған Атырау қаласын көгалдандыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум аясында үш жыл ішінде 10 мың ағаш отырғызады. Нәтижесі
|
|
Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету |
||
12.4. Келісілген халықаралық қағидаттарға сәйкес химиялық заттарды және олардың бүкіл өмірлік циклі бойындағы барлық қалдықтарды экологиялық тұрғыдан ұтымды пайдалануға қол жеткізу және олардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін олардың ауаға, суға және топыраққа түсуін айтарлықтай азайту |
Су ресурстарын басқару бағдарламасы Су алуды қысқарту, суды қайта пайдалануды ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерді айқындау мақсатында ҚМГ компаниялар тобы бойынша Су ресурстарын басқару жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарлама әзірленді. TAZALYQ АМӨЗ қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға арналған TAZALYQ ауқымды экологиялық жобасын белсенді түрде іске асыруда. |
|
12.5. 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуын болдырмау, оларды азайту, өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қабылдау арқылы олардың көлемін едәуір азайту |
Тарихи жинақталған мұнай қалдықтарын кәдеге жарату бағдарламасы Тарихи жинақталған мұнай қалдықтары мен мұнаймен ластанған аумақтарды кәдеге жарату бағдарламасын іске асыру. Нәтижесі Тарихи мұнай қалдықтарын жою: 2018–2023 жылдары 3,2 млн тонна мұнай қалдықтары қалпына келтірілді.
|
|
12.6. Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға тұрақты өндіріс әдістерін қолдануға және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты көрсетуге кеңес беру |
Carbon Disclosure Project Компания су ізін есептейді және Carbon Disclosure Project алаңында Су қауіпсіздігі сауалнамасын орналастырады. Жасыл кеңсе Корпоративтік «жасыл» бағыт белсенді дамып келеді және «жасыл кеңсе» қағидаттары кезең-кезеңімен енгізілуде, мысалы, қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, кеңсе үй-жайларында су және энергия үнемдеу. Нәтижесі Жасыл кеңсені енгізу аясында және пластик пен металл қалдықтарының пайда болуын азайту мақсатында біздің кеңсенің бірінші қабатында фандомат орнатылды. Бүкіл кезеңде «Изумруд кварталы» БО-да фандоматтың көмегімен 18 741 пластикалық бөтелке және 3 619 алюминий бөтелке тапсырылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша CDP су қауіпсіздігі бойынша сауалнама жарияланды. |
|
Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы шұғыл шаралар қабылдау |
||
13.2. Климаттың өзгеруіне ден қою шараларын саясатқа, стратегияларға және жоспарлауға енгізу |
Метан шығарындыларын азайту Carbon Limits (метанның жылыстауын басқару саласындағы әлемдік көшбасшы) компаниясымен Меморандум жасалды. Меморандумға Жол картасы шеңберінде ҚМГ мамандарын метанның жылыстауын басқару бойынша оқыту жүргізілді, ал 2024 жылы LDAR метанның жылыстауын анықтау және жою бағдарламасының демонстрациясын өткізу жоспарланған. Сондай-ақ COP28 алаңдарында метан шығарындыларын азайту және салдарын жұмсарту мақсатында Компания USAID (PCA) қаржыландыратын «Орталық Азия энергетикасы» жобасын іске асыратын Tetra Tech ES, Inc корпорациясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ҚМГ 2023 жылғы желтоқсанда Baker Hughes Services Kazakhstan LLP компаниясымен төмен көміртекті жобаларды іске асыру, оның ішінде метанның жылыстауын мониторингілеу және жою, алауларда күнделікті күйдіруді қысқарту жобаларын іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды. OGMP 2.0-ге қосылу Компания UNEP OGMP 2.0 метан бастамасына қосылды, бұл метан шығарындыларын азайту және UNEP-ке метан шығарындылары туралы есеп беру үшін өз мақсатын белгілеуді көздейді. Мұнай-газ секторын күкіртсіздендіру туралы хартияға қосылу Компания тараптардың СОР-28 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында осы бастамаға қосылды. Орман-климаттық жобалар Павлодар облысында 2000 га алқапта учаске айқындалды, парниктік газдарды сіңіру әлеуеті бағалануда. Нәтижесі
|
|
13.3. Климаттың өзгеруінің ауырлығын азайту және әлсірету және адамдар мен мекемелерді оларға бейімдеу және ерте алдын алу бойынша ағарту жұмыстарын жақсарту, ол туралы ақпарат тарату |
Ішкі көміртекке баға белгілеу тұжырымдамасы ЕТҰ-ның көміртегі ізін азайту жөніндегі шараларды жоспарлау мен қамтамасыз етуді енгізу, сондай-ақ көміртекті реттеудің қаржы-экономикалық көрсеткіштерге әсерін жан-жақты есепке алу мақсатында ішкі көміртекті баға белгілеу тетіктері әзірленді. Қазіргі уақытта оларды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының бизнес-процестеріне интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде. CDP Компания көміртегі ізін есептейді және CDP алаңына климаттық сауалнаманы орналастырады. Әлеуметтік көрсеткіштер бойынша төмен көміртекті ауысу мен тиімділікті бағалауға негізделген World Benchmarking Alliance Oil and Gas рейтингіне сәйкес, 2023 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2022 жылы 77-орыннан көтеріліп, әлемнің 100 негізгі мұнай-газ компаниясы арасында 37-орынға ие болды. Task Force on Climate-related Financial Disclosures (TCFD) Климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі жұмыс тобының, TCFD-ның ұсыныстарына сәйкес климаттық тәуекелдерді ашу. Парниктік газдар шығарындылары бойынша есептіліктің қамтуын кеңейту Парниктік газдар бойынша есептілікті жетілдіру және парниктік газдар шығарындыларын басқару жүйесін жақсарту мақсатында ҚМГ компаниялар тобы бойынша парниктік газдардың жанама шығарындыларын түгендеу бойынша 12 санат бойынша 3-қамту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ оны кейіннен ҚМГ парниктік газдар шығарындылары бойынша мониторинг және есептілік әдістемесіне енгізу мақсатында ақпарат жинау әдістемесі әзірленді. Нәтижесі Парниктік газдар шығарындыларын сандық бағалаудың корпоративтік әдістемесі енгізілді. Scope бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесі әзірленуде. |
|
Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері қайтару және биологиялық әртүрліліктің жоғалу процесін тоқтату |
||
15.3.Шөлейттенуге қарсы күрес жүргізу, тозуға ұшыраған жерлер мен топырақты, соның ішінде шөлейттену, құрғақшылық және су тасқынынан зардап шеккен жерлерді қалпына келтіру және жердің жағдайын нашарлатпауға тырысу |
ҚМГ ластаушы заттардың төгінділерін азайтуға және табиғи көздерден су алуды азайтуға бағытталған жобалар мен іс-шараларды іске асыруда. Carbon Disclosure Project Компания су ізін есептейді және CDP алаңында су қауіпсіздігі сауалнамасын орналастырады. ҚМГ компаниялар тобы бойынша Су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленуде. TAZALYQ АМӨЗ Атырау қаласының қоршаған ортасының жай-күйін жақсартуға арналған TAZALYQ ауқымды экологиялық жобасын белсенді түрде іске асыруда. Тұщыландыру зауыттарын салу Қатты суды тұщыландыру зауыты Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешудегі бірегей жоба болып табылады. Зауыт өңірді дамыту үшін жылына кемінде 6,2 млн м3 көлемінде Еділ суының көлемін шығарады. Маңғыстау облысының «Кендірлі» демалыс аймағы ауданындағы тұщыландыру зауыты.Болжалды қуаты тәулігіне 50 мың м3 суды құрайды. Жерді қалпына келтіру Компанияда «тарихи» мұнай қалдықтарын қалпына келтіру және мұнаймен ластанған жерлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесі TAZALYQ: жоба аясында АМӨЗ-де «Механикалық тазарту құрылыстарын (жабық үлгідегі МТҚ) қайта құру» жобасын іске асыру аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта 1-кезеңді іске асыру аяқталып, жобаның 2-кезеңінің құрылысы аяқталуда. «Нормативтік-тазартылған ағындардың арнасын қайта құру және АМӨЗ булану алқаптарын қалпына келтіру» жобасы іске асырылуда. Булану өрістері кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілетін 4 секторға бөлінген. 1 және 2-секторлар толығымен құрғатылған және қалпына келтірілген. АМӨЗ ақаба суларын АМӨЗ булану алаңдарына ағызған қолданыстағы ашық каналдың орнына құбыр орнатылды. |
|
15.5. Табиғи мекендеу орындарының тозуын тежеу, биологиялық әртүрліліктің жоғалуын тоқтату және жойылып кету қаупі төнген түрлердің сақталуын және жойылып кетуін болдырмау үшін маңызды шаралар қабылдау |
Орман-климаттық жобалар ҚМГ-ның 2031 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму бағдарламасы шеңберінде құрлық экожүйелерін сақтауға қолайлы әсер ететін орман-климаттық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Биоәртүрлілікке әсерді азайту шараларының иерархиясы Компанияда өндірістік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде мынадай төрт негізгі әрекет ескеріле отырып, биоәртүрлілікке әсер етудің салдарын азайту шараларының иерархиясы қолданылады: ықтимал елеулі тікелей әсерлердің алдын алу, азайту, қалпына келтіру және өтеу. Биоәртүрлілікті сақтау бағдарламасы Биоәртүрлілікті сақтауға байланысты мақсаттар мен мерзімдерді, биоәртүрлілікті сақтау мәселелері бойынша жергілікті немесе халықаралық табиғат қорғау ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтитын Биоәртүрлілікті сақтау бағдарламасын әзірлеу. Нәтижесі Павлодар облысында 2000 га алқапта учаске айқындалды, парниктік газдарды сіңіру әлеуеті бағалануда. |
|
Орнықты даму мүддесінде Жаһандық әріптестік шеңберінде жұмысты жүзеге асыру құралдарын нығайту және жандандыру |
||
17.1. Салықтар мен басқа да кірістерді жинау бойынша ұлттық мүмкіндіктерді арттыру мақсатында ішкі көздерден алынатын, оның ішінде дамушы елдердің халықаралық қолдауының арқасында алынатын ресурстарды жұмылдыруды күшейту |
ҚМГ GRI стандартына және Country by country OECD Action 13 бастамасына сәйкес салықтар туралы ақпаратты ашады. Мемлекеттердің пайдасына аударымдар Компания жыл сайын Есепте мемлекеттердің пайдасына мынадай төлем түрлері бойынша төлемдер бойынша ақпарат ұсынады:
Тау-кен салығынан басқа барлық салықтар.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық жер қойнауын пайдаланушының өндірілетін минералдық шикізаттың, мұнайдың, жер асты суларының және емдік балшықтардың әрбір түрі бойынша жеке-жеке міндетті төлемі болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.
Қол қою бонусы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақта (жер қойнауы учаскесінде) жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен келісімшарттық аумақты (жер қойнауы учаскесін) кеңейту кезінде біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.
Басқа төлемдер мемлекеттерге барлық басқа төлемдерді, соның ішінде экспорттық кедендік бажды қамтиды. Нәтижесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мемлекетке төлемдер саласындағы ашықтықты арттыру, сектордан түсетін кірістер мәселелерінде өндіруші компаниялардың жауапкершілігін күшейту, өңірлердегі компания қызметі туралы халықтың хабардарлығын арттыру бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді ұстанады. |
|
17.16. Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологияны және қаржылық ресурстарды жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылған орнықты даму мүдделерінде Жаһандық серіктестікті нығайту |
БҰҰ ОДМ іске асыру мақсатында ҚМГ салалық компаниялармен, халықаралық агенттіктермен белсенді ынтымақтасады және энергия үнемдеу, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістерге қарсы күрес, шығарындыларды азайту, сондай-ақ жасыл энергетиканы және басқа да осыған ұқсас бағыттарды ілгерілету саласындағы мемлекетаралық ұйымдардың қатысушысы болып табылады. |
|
17.17 Әріптестердің ресурстарын пайдалану тәжірибесі мен стратегияларына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік және жеке секторлар мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді әріптестікті ынталандыру және көтермелеу |
|