Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
Қазақстан Республикасы заңнамасының және қызметкерлердің денсаулығын қорғау, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы саласындағы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес Компанияда денсаулық сақтау және еңбек гигиенасы мәселелерін басқару жүзеге асырылады. ҚМГ өндірістік процеске қарамастан өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және оларды сауықтыру жөнінде белсенді саясат жүргізеді.
ЕТҰ жұмыскерлері арасында жарақаттанумен байланысты емес өлім-жітім жағдайларының саны 2 жағдайға немесе 2022 жылмен салыстырғанда 20 %-ға азайды, бұл көрсеткіш негізінен жұмыскерлерде жүрек-қан тамырлары ауруларының болуымен байланысты.
КЕСТЕГЕ АРНАЛҒАН ДЕРЕКТЕР: ЖАРАҚАТТАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС ӨЛІМ-ЖІТІМ САНЫ

Қызметкерлердің денсаулығын басқару жөніндегі ҚМГ бағдарламасы
«Персоналдың денсаулығын басқару» стратегиялық бастамасын орындау шеңберінде ҚМГ Басқармасының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен (№ 68 хаттама) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында персоналдың денсаулығын басқару жөніндегі бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – өндірістік объектілерде медициналық қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, ҚМГ компаниялар тобында қызметкерлерді сауықтыру жөніндегі іс-шараларды енгізу және іске асыру.
Қызметкерлердің денсаулығын басқару бойынша ҚМГ бағдарламасының негізгі міндеттері:
- ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінің қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету сапасын арттыру;
- Қызметкерлерді салауатты өмір салтына тарту мен ынталандыруды күшейту тетіктерін әзірлеу;
- ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінің қызметкерлері үшін еңбек, демалыс және тұрмыс жағдайларын жақсарту.

2023 жылы Персоналдың денсаулығын басқару бағдарламасы шеңберінде өндірістік санитария бағыттары бойынша іс-шаралар әзірленіп бекітілді:
- ҚМГ компаниялар тобындағы персоналдың денсаулығын басқару жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
- ҚМГ компаниялар тобында міндетті медициналық тексерулерді ұйымдастырудың корпоративтік стандарты;
- ҚМГ компаниялар тобында өндірістік санитарлық бақылаудың бірыңғай үлгілік бағдарламасын жасау регламенті;
- Жаңа редакциядағы ҚМГ компаниялар тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру регламенті.
2023 жылы ҚМГ ЕТҰ-мен бірқатар семинарлар өткізілді Регламенттің талаптарын түсіндіру бойынша ҚМГ компаниялар тобында өндірістік санитарлық бақылаудың бірыңғай үлгілік бағдарламасын және ҚМГ компаниялар тобында міндетті және мерзімді медициналық тексерулерді ұйымдастыру жөніндегі корпоративтік стандартты жасау. Сонымен қатар 2023 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлердің денсаулық жағдайының күрт нашарлауына байланысты еңбек қызметімен байланысты емес өлім-жітім саны бойынша ахуал талданды, «ҚазТрансОйлда» медициналық қарап-тексерудің электрондық жүйесін (ЭМТЖ) енгізу бойынша тәжірибе қарауға ұсынылды, ЕТҰ мен медициналық қызмет көрсетушілердің жұмысын жақсарту үшін ұсынымдар берілді.
Медициналық оқу жаттығулары
ҚМГ компаниялар тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру регламентіне сәйкес жыл сайын және тұрақты негізде медициналық оқу дабылдарын жүргізу арқылы әрбір өндірістік объектіде шұғыл медициналық ден қою жоспары тестіленеді. ЕТҰ объектілерінде 2023 жылы 560-тан астам медициналық оқу дабылдары, оның ішінде өндірістік аумақтарда орналасқан мердігерлік ұйымдардың қатысуымен өткізілді. Медициналық оқу дабылдары мынадай тақырыптар бойынша жүргізілді: биіктіктен құлаған кезде, есінен танған кезде, уланған кезде, жүрек тоқтаған кезде және т.б., «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында авариялық-құтқару, өртке қарсы және жедел медициналық қызметті тарта отырып, медициналық оқу дабылы жүргізілді. Әрбір жүргізілген медициналық оқу дабыл жаттығуының нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер мен түзету әрекеттері ескеріле отырып, есеп жасалды.



Электрондық медициналық тексеру жүйесі
2021 жылдан бастап ЕТҰ-да Электрондық медициналық тексеру жүйесі (ЭМТЖ) кезең-кезеңмен енгізілуде. Жүйе медициналық тексерулер жүргізу кезінде қызметкерлердің денсаулығын зерттеу процесін автоматтандырып, жеңілдетеді. 2-3 минут ішінде ЭМТЖ аппараттық кешені қызметкердің денсаулығының 10 негізгі параметрін талдап, қорытынды немесе жол парағын беруге мүмкіндік береді. ЭМТЖ аппараттық кешені қызметкердің денсаулық жағдайындағы қандай да бір ауытқуды тіркесе, онда ол дәрігерге қаралуға жіберіледі.
2023 жылдың соңына қарай мынадай ЕТҰ-да ЭМТЖ аппараттық кешендерінің 45 бірлігі енгізілді: «Ембімұнайгаз» АҚ – 10 бірлік, «ҚазТрансОйл» АҚ – 25 бірлік, «АМӨЗ» ЖШС – 3 бірлік, «ПМХЗ» ЖШС – 1 бірлік, «Қаражанбасмұнай» АҚ – 4 бірлік және «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС – 2 бірлік.
Медициналық тексерулерді автоматтандыру мынадай кемшіліктерді болдырмайды:
- адам факторына байланысты қателіктер;
- дұрыс емес ақпарат алу;
- тексерудің шынайы нәтижелерін жасыру;
- медициналық персоналдың қатысуымен тексеруге ұзақ уақыт кетіру;
- журналдарды физикалық жүргізу және оларды сақтау.
ЭМТЖ артықшылықтары:
- Медициналық тексеру процесін толық автоматтандыру, адами факторды алып тастау, барынша сенімді, бейтарап ақпарат алу мүмкіндігі;
- Уақыт бойынша ММТ-дан салыстырмалы түрде жеделдетіп өту;
- Электрондық журнал жүргізу мүмкіндігі;
- Процесті фото және видео түсіру мүмкіндігі.
Маңызды мәселелердің бірі өндіріс пен бірлескен әсер жағдайында зиянды өндірістік факторлардың (мысалы, микроклимат, шу, діріл, аэрозольдер, қызу еңбек және т.б.) біріктірілген әсерін зерттеу, олардың әсерінің салдарын болжау, сонымен қатар кәсіби патологияның дамуын зерттеу болып табылады.



Осы мәселені шешу үшін ЕТҰ Қазақстан Республикасының заңнамасына және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы ішкі құжаттарға сәйкес өндірістік бақылау жүргізуге міндетті. Осылайша, «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығының негізінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында Өндірістік санитариялық бақылаудың бірыңғай үлгілік бағдарламасын жасау регламенті әзірленіп, бекітілді.
Өндірістік санитарлық бақылаудың негізгі міндеттеріне өндірістік және қоршаған ортаның жай-күйіне, оның ішінде зертханалық сынақтар мен зерттеулер жүргізу кезінде бақылауды ұйымдастыру, тамақ өнімдерінің, азық-түлік шикізатының, қоғамдық тамақтану өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды ұйымдастыру, стандарттар мен техникалық шарттарға, өндірістік қызметтің барлық кезеңдеріндегі шығарылатын өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастыру кіреді.
ҚМГ компаниялар тобында кәсіптік аурулар тіркелген жоқ.
- ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК
- Біздің басқару тәсіліміз
- Cу ресурстарын басқару бағдарламасы
- Қоршаған ортаны қорғау
- Атмосфералық ауаны қорғау
- Шикі газды ұтымды пайдалану
- Қалдықтарды өңдеу және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
- Жұмыс алаңдарын жабу және қалпына келтіру
- Теңіз ұңғымаларын басқару
- Мұнай төгілуінің алдын алу және жою
- Биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау
- Экологиялық менеджмент мәселелері бойынша персоналды оқыту
- Жоспарланған шаруашылық қызметті экологиялық бағалау
- Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл
- ҚМГ-дағы Жасыл кеңсе тұжырымдамасы
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- Мердігерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы