ОРНЫҚТЫ ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕП 2023

Қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл

2022 жылы АМӨЗ Қоғамдық экологиялық кеңесі (бұдан әрі – ҚЭК) өз жұмысын бастады. Сараптамалық топта – зауыт басшылығы, өңірдің кәсіби экологтары мен экобелсенділері, техника ғылымдарының кандидаттары, экономика ғылымдарының докторы, депутаттар, БАҚ өкілдері және қала тұрғындары бар. ҚЭК құрудың мақсаты АМӨЗ өндірістік қызметінің шешімдерін қабылдау процесіне азаматтық қоғамдастықтың қатысу мүмкіндігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы АМӨЗ қызметі туралы азаматтық қоғамның пікірін білдіру, экологиялық жобаларды іске асыру және экологиялық проблемаларды шешуде тиімді ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

2023 жылғы 30 қыркүйекте ЭЫҰ кезекті отырысы өтті, онда экологиялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. 

Қоғам белсенділері «Механикалық тазарту құрылыстарын қайта құру» жобасының алаңына барып, екінші кезеңнің іске асырылу барысымен танысты. 

Сондай-ақ АМӨЗ-де электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама тыңдалды.

Сұрақ-жауап сессиясында алдағы ЭЫҰ отырысының жоспары мен форматы талқыланды, сондай-ақ кәсіпорында адами факторларды басқару жүйесін жақсарту бойынша ұсыныс айтылды.

2023 жылғы 2 маусымда «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қаласының жұртшылығымен көгалдандыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қаласының жұртшылығын облыс орталығының аумағын көгалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. ЕМГ ұйымдастырған кездесуге Атырау облысы Экология департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, экобелсенділер, БАҚ қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері, экобелсенділер мен журналистер сұрақтарына жауап алды. Тараптар атап өткендей, жиі жиналып отыру, қарым-қатынас жасау, өзекті мәселелерді шешудің бірлескен көзқарасы мен тәсілдерін талқылау мен дамыту маңызды. 

2023 жылы Компанияда KMG-Volunteer еріктілер қозғалысы басталды. Еріктілер қозғалысының іс-шаралар жоспары және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында еріктілер елордалық Ә. Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейінің аумағына ағаш отырғызды. ҚМГ оқу орнына 129 ағаш сыйлады.